Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет193/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   200
Хасан лиғайриһи هريغل نسحلا – өзгемен хасан хадис. Кейде хадистің бір сә-
надында хасан хадистің шарттары жеткіліксіз болады да, келесі сәнадында хасан 
хадистің шарттары толық болады. Осы жағдайда алғашқы сәнадтағы хадисті «ха-
сан лиғаириһи», яғни өзгемен хасан хадис деп аталады. Мысалы: хадистің алғашқы 
сәнадында тізбектің бір жеріндегі рауидің кім екендігі бізге беймәлім болды делік. 
Осы хадистің басқа сәнадында сол рауидің кім екендігі жазылған болса, алғашқы 
хадисті «хасан лиғаириһи» деп атаймыз. Бұдан байқайтынымыз, хасан лиғайриһи 
болу үшін мынадай екі шарт керек екен: 1) хадистің екі немесе одан да көпсәнады 
болуы керек және екінші сәнад алғашқы сәнадтан жағары немесе бірдей дәрежеде 
болуы қажет; 2) хадистің әлсіз, яғни дағиф болу себебі тек қана рауидің есте сақтау 
қабілетінің жоғары болмауынан, сәнадтағы бір рауидің түсіп қалуынан немесе 
рауидің кім екендігін білмеуге қатысты болуы қажет. 
Хасан-ғариб بيرغ نسح – имам әт-Тирмизи кейде хасан және ғариб термин-
дерін бір хадисті сипаттау үшін қолданады. Бір хадистің екі немесе одан да көп 
жолдары (сәнадтары) болса және бір сәнадта ол хадис ғариб болып, екінші бір сә-
надта хасан болса, ол хадисті «хасан-ғариб» деп сипаттайды. Немесе ол хадистің 
мәтіні хасан, алсәнады ғариб болуы да мүмкін. 
Хасан-сахих حيحص نسح – имам әт-Тирмизи және оның тәсілімен жүргендер 


248
сахих және хасан терминдерін бір хадистің сипаты ретінде кей жерлерде бірге қол-
данады. Бұл екі түрлі жағдайда болуы мүмкін: 1) Егерде хадисті бір ғана рауи риу-
аят етіп, «ол рауидің есте сақтау қабілеті мықты ма жоқ па?» деп күмәнданған кез-
де. Яғни оның есте сақтау қабілеті өте мықты болса, оның хадисі сахих хадистер 
тобына жатады. Ал егер оның есте сақтау қабілеті әлсіздеу болса, оның риуаят ет-
кен хадисі хасан хадистер тобына жатады. Осы жағдайда бұл хадис хасан хадистен 
жоғары және сахих хадистен төмен дәрежеде болады. 2) Кейде хадистің екі иснады 
болуы мүмкін. Бір иснадта хадис сахих, ал екінші иснадта хасан. Осыны ескере 
отырып хадисті «хасан-сахих» деп атайды. Осы жағдайда бұл хадис тек сахих деген 
хадистен дәрежесі жоғары болады. 
Хауаана ءاوح – Аллаһ тағала Адаматаның қабырғасынан жаратқан алғашқы 
әйел. 
«Арғы атам – Адамата, хақ, пайғамбар
Айырылып Хауа анадан болыпты зар» (Ш.Құдайбердиев, Шығ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет