35
Алайда – бұл араб тілінен енген сөз.
Асиб بصاع – асиб. Мирас ілімінде қайтыс болған адамның дүние-мүлкін
мұрагерлері арасында бөліске салғанда үлестері алдын ала белгілі болмаған мұра-
герлер. Олардың үлестері фард иелері мұрадан үлестерін алғаннан кейін белгілі бо-
лады. Қазақ тілінде бұл сөз тек мирас ілімінде термин ретінде қолданылады.Қара:
Асхаб әл-фуруд (фард иелері) (Р.С.
Мухитдинов, Діни терминдер сөздігі).
Ассаламуалайкум, ассаламуғалайкум. Мұсылмандардың амандасуы. Араб
тіліндегі مكيلع ملاسلا «әс-сәләму алайкум» сөзінен алынған. Ол араб тілінде «сен-
дерге амандық, есендік болсын» деген мағына береді. Мұсылмандық әдеп бойын-
ша, мұсылмандар бір-бірлерімен осы сәлемдесу түрімен амандасқандары жақсы.
Мұсылман қазақ халқында да бұл сәлемдесу түрі кең тараған. Көп жағдайда үлкен
кісілермен амандасқанда жиі қолданылады.
«Ассалмауғалайкум, Төлек байым,
Мойны озған сиыршыдан бөлек байым.
Көктемде жабағысын сататұғын,
Сарт, ноғай, саудагерге керек байым» (Бақтыбай ақын, Жыр.).
Мұсылмандық әдепте амандасушы кісінің «Ассаламуалайкум уа рахматул-
лаһи уа баракатуһу» (мағынасы: сендерге амандық, есендік және Аллаһтың мей-
ірімі мен берекетін тілейміз) деп толық айтқаны жақсы. Бұлай амандасқан адамға
жауап берушінің «уағалайкум әс-сәләму уа рахматуллаһи уа баракатуһу» (мағына-
сы: сендерге де амандық, есендік және Аллаһтың мейірімі мен берекетін тілейміз)
деп толық жауап бергені абзал. Өйткені Құранда «Және
сендерге қандай да бір
сәлем берілсе, одан да жақсы етіп сәлемдесіңдер немесе соны [сондай сәлем] қай-
тарыңдар. Расында, Алла әрбір нәрсені есептейді!» – деген («Ниса» сүресі, 86-аят).
Астағыпыралла. Қазақ тілінде одағай ретінде бір нәрседен қорыққан не шо-
шынған яки қатты таң қалғанда сол нәрсенің бәлекетінен сақтану үшін Құдайға
жалбарынатын дұға. Бұл сөздің асылы араб тіліндегі الله رفغتسأ «Астағфиру Аллаһ»
(Мен Аллаһтан кешірім сұраймын) деген сөзінен шыққан. Ислам дінінде адам күнә
жасудан тыйылып, Аллаһтан жиі кешірім сұрау құпталатын амал саналады. Адамға
бәлекет кейде өзінің жасаған амалдары нәтижесінеде келуі мүмкін болғандықтан,
адам бір жаман жағдайға тап болғанда Құдайына жалбарынып, Одан кешірім сұрай-
ды. Осы ислами ұғым қазақ тілінде қалыптасып, қорыққан, шошынған не қатты
үрейлене таңданған жағдайда «астағыпыралла» сөзі қолданылады.
Қазақ тілінде
бұл сөздің бірнеше айтылу және жазылу варианттары кездеседі. Мысалы, астапыр-
алла, астапыралда.
Оның
сөзінен қатты шошынып, үй ішіндегілердің бәрі «астапыралла» деп
жағаларын ұстады (С.Мұханов, Өмір мектебі).
«Ау, Смайылмысың? Астағыпыралла! Қалай өзгеріп кеткенсің?!»
(Т.Дәуренбеков, Біз. кездес.).
Астапыралда, осы жұрт қайдағыны шатып жүр (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).