30
дығы және соның салдарынан шариғатқа сай ол малдың еті жеуге жарамсыз болып
қалғандығы айтылуда. Яғни қазақ халқында малды шариғатқа сай қанын ағызып,
бауыздап шалғанда ғана оның еті жеуге жарамды болады деген түсінік қалыпта-
сқан. Бұл ислам дініндегі малдың етін бауыздағанда ғана жеуге жарамды болады
қағидасымен сай келетіндігін көреміз.
«Адал
мен арамның арасы,
Жақсы мен жаманның арасы
Жер мен аспан секілді,
Арам
биді би десең,
Шайтан малғұн шаһаріне
Базарын қосқан секілді» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Кердері Әбубәкір атамыздың бұл сөздеріндегі «арам би» сөзі қара ниетті, сұм,
әділдіктің ала жібін арланбай аттайтын би мағынасында келген. Діни түсініктегі
адамның тыйым салынған ісіне қолданылатын «арам» сөзінің мағынасы кеңейіп,
ауыспалы мағынада тыйым салынған сол істі орындаушы адамға қолданылған.
Қазақ тілінде «арам» сөзі басқа сөздермен қосылып,
сөз тіркестерінің қа-
тарында қосымша мағыналарға ие болған. Мысалы, қарғыс мағынасында «арам
қатқыр» тіркесі.
«Олай жүрші көк шолақ,
Бұлай жүрші көк шолақ.
Жамандатқыр көк шолақ.
Арам қатқыр көк шолақ,
Мені құртқан көп шолақ» (К.Әзірбаев, Өлеңд).
«Арам қатқыр, алысырақ барып жайылса қайтеді, бұзауды отқа жібертпейді,
жіберсем
жанасып еміп қояды, – деп, Қалампырдың қарғап-сілеп жүргені»
(Б.Майлин, Шығ.).
Адал еңбекпен келмеген байлыққа да, асқа да «арам» сөзі жиі қолданылады.
«Бар Тобықтының ішінде бір үй қазанына арам ас салмады десе, сол ең ал-
дымен осы Үрімбай үйі болатын» (М.Әуезов, Таңд. шығ.).
«Бұл арамнан келген ақша қанша көп болғанмен, берекесі болмайды екен»
(Б.Қыдырбекұлы, Шойынқұл).
«Қайыршы бай: «Тақсыр! Менің ақшам қанағатсыз, арсыздықпен жиналған
арам ақша ғой, тырнақтап жиналған арам ақшаға тырнағыңызды былғағаныңыз жа-
рай ма?» – депті» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Осы әдеби шығармаларда «арам» сөзі адам жолмен келмеген байлыққа қол-
данылып тұр. Бұл да «арам» сөзінің шариғаттағы түпкі мағынасынан көп ауытқы-
маған. Өйткені ислам дініндегі «харам» не «арам» ұғымдары бұл мағыналарды да
қамтиды. Қазақ тілінде «арам» сөзіне жұрнақтар жалғану арқылы үстеме мағына-
ларға ие болған. Мысалы, «арамдау» етістігі бір істі не затты былғау, ластау мағына-
ларында қолданылады.
«Болыстың сабын тимеген сарғыш саусақтары ақ дастарқанды арамдай
бастады. Жалап-жалап алып, табақтағы суынан етке, біресе майға апарып салды»
(Ғ.Мұстафин, Дауыл).
31
«Ас үйді кілттегенде де азығымызды арамдап кетпесін деп иттен, мысықтан
сақтанамыз» (Ғ.Сланов, Асау арна).
«Әу бастағы аты боза екен. Оны адамға қас – Ыбылыс арамдап кеткен деген
бар» (С.Әліков, Кәрі сайтан).
«Арамдау» сөзі ауыспалы мағынада шариғатта тыйым салынған некесіз төсек
қатынасына түсуге, яғни зинаға қолданылады.
«Ол Әзәзілдің арбауына өзі түсіп қалды. Ол төрге шықты, төсегін арамдады»
(З.Шүкіров, Жас жесір).
«Арам» сөзі басқа сөзбен қосылып, жаңа мағыналарда да қолданылады. Мы-
салы, «арамсідік» сөзі некесіз туылған бала, «арамтамақ» сөзі жатыпішер, жалқау
деген мағыналарды береді.
Мәдениеттану ғылымында арам этикалық тұрғыдан адамның жағымсыз мо-
ральдық сапасын айқындайтын категория (Т.Ғабитов, Ә.Алимжанова,
Қазақстан
руханияты мен мәдени ескерткіштерінің энциклопедиясы).
Бұл жерде «арам» сөзі адамның жеке басына қатысты қолданылуда. Сонымен
қатар қазақ тілінде «арам» сөзімен келетін өсімдік атаулары да кездеседі. Мысалы,
арамшөп, арамжуа, арамсәбіз, арамсояу, арамтаран. «Арам» сөзі бұл айтылғандар-
дан басқа да тіркестердің қатарында да жиі кездеседі. Олардың барлығын «заңға
қайшы», «әділетсіздік» деген ортақ мағына аясында топтастыруға болады және
барлығының астарында «арам» сөзінің діни ұғымы жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: