5
Кіріспе
Тәуелсіздік алып, жоғымызды түгендей бастағалы да ширек ғасыр болды.
Қазақ халқының ұмыт болуға жақын қалған байлығының бірі діни тілі мен діни
құндылықтары болатын. Құдайға шүкір, мемлекеттің ауқымды жобаларының бірі –
«Мәдени мұра» аясында қазақ әдеби тілінің он бес томдық үлкен түсіндірме сөздігі
жарық көрді. Осы сөздікте ұмыт болуға айналған, қазір қолданыстан шығып қалған
талай сөз жыр-дастандардан, әдеби шығармалардан жинақталып бізге ұсынылды.
Сол мол сөздік қорымыздың ішінде діни сөздерде бар. Қазақ тілінің діни тілі ислам
терминдеріне бай екендігін екінің бірі біле бермейді. Кеңес үкіметі тұсында діни
саладағы еңбектердің жазылмауы себебінен ол терминдердің көпшілігі халықтың
актив сөз қорынан шығып қалды. Тек ақын-жазушылардың шығармаларында сирек
кездесіп жатты. Осы діни сөздердің көпшілігі Тәуелсіздіктен кейін жазылған діни
еңбектерде қолданылып, актив сөздердің қатарынан қайта орын алып жатыр. Енді
«Рухани жаңғыру» жобасының аясында ата-бабаларымыз жиі қолданған осы діни
сөздерді, терминдерді қайта жандандыру мүмкіндігі туып отыр.
Ислами зерттеу тұрғысынан тақырыптың маңыздылығы мен өзектілі-
гі. Кез келген халық пен ұлттың рухани мәдениеті мен құндылықтары, дүниета-
нымы мен салт-дәстүрі, ділі мен діні ең алдымен сөзбен өрнектеледі. Рухани құн-
дылықтың санадағы бейнесі сөз арқылы ұғым, түсінік болып қалыптасады. Қазақ
халқының діни-рухани сөз қазынасын тіркеп, жүйелеп, мән-мағынасын ашып,
этимологиялық талдау жасап, оқырманның діни қажеттілігіне жарайтындай етіп,
қоғамның діни-әлеуметтік дамуына үлес қосатын зерттеу жүргізу – игілікті іс. Тіл-
дегі таңбаланған діни ұғым, терминдер мен түсініктер жүйесі – мәдени-тілдік, ді-
ни-тілдік қоғамдастық мүшелерінің барлығына ортақ рухани құндылық. Осы ру-
хани-діни құндылықтар мен ұғымдардың тілде сөз арқылы таңбаланған бейнесін
зерттеу халықтың рухани жаңғыруына қосқан үлес болары хақ.
Достарыңызбен бөлісу: