11
«Бұл Құданың құдіреті
Ағашатқа мінгізді,
Кемеде жүрген жалғызға
Жеңсіз көйлек кигізді» (XVIII-XIX ғғ. қаз. поез.).
Ағзам. Араб тілінде مظعأ «ағзам» сөзі «ең ұлы, ең үлкен, ең маңызды» деген
маналарды береді. Діни әдебиеттерде бұл тіркес көп жағдайда «имам» сөзімен бір-
ге имам Әбу Ханифаның лақап аты ретінде қолданылады.
«Артынан келген төрт имам
Мұсылман қарап іс қылар
Имам Ағзам шамына» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Кердері Әбубәкір бабамыздың бұл сөздеріндегі төрт имам деп, ислам шариға-
тының үлкен төрт мектебін, яғни төрт мазһабтың негізін қалаушы, басқы ережелерін
түзіп шыққан имам Әбу Ханифа, имам Мәлик, имам Шафиғи және имам Ахмад
меңзеліп тұр. Одан кейін өзіміздің имам Әбу Ханифа, яғни Имам Ағзам көрсетіп
кеткен шариғат мектебі ханафи мазһабымен амал ететінімізді, дін мәселелерін-
де сол жолды ұстанатынымызды баяндап отыр. Бұл сөз де қазақ халқының Имам
Ағзам Әбу Ханифа мазһабын ұстанғандығының бір дәлелі болады. Қазақ тілінде
бұл сөздің қолданылуы орта ғасырларда кең тараған. Әсіресе, патшаларға, діни
қайраткерлерге ұлықтау, мақтау, мәртебесін көтеру мақсатында қолданылған. «Пат-
ша ағзам» тіркесі әдеби шығармаларда жиі кездеседі.
«Алланың бірлігін, расулымыздың хақлығын білмеген, патша ағзам хазіретін
хақаратлаған залымды аяушы ма едік, әлбетте, шаһадат береміз» (М.Дулатов).
Ағла. Араб тіліндегі ولع «ъулу» сөзінің асырмалы шырай формасында қазақ
тіліне енген сөз. Ақида саласында Аллаһ тағаланың үстемдігін түсіндіргенде қол-
данылады. Яғни «ең жоғары», «ең биік» деген мағыналарды береді. Қазақ жазушы-
лары мен ақындары бұл сөзді аса жоғары, асқақ, биік деген мағыналарда қолданған.
«Атыңа ағла болған әркім ғашық,
Нақ болсаң тарқатуға ер құмарын» (Қаңлы Жүсіп).
Мәшһүр Жүсіп бұл сөзді Аллаһ тағаланың аршысының сипаты ретінде қол-
данған.
«Сәждеге баршалары басын қойып,
Қорыққаннан ғарыш ағланы барып құшты» (Мәшһүр Жүсіп. Шығ.).
Достарыңызбен бөлісу: