Мухитдинов на печать indd


Зерттеудің теориялық, методологиялық және деректік негіздері



Pdf көрінісі
бет4/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Зерттеудің теориялық, методологиялық және деректік негіздері. 
VIII ғасырдан бастап қазақ халқының дүниетанымынан өз орнын алған ислам 
діні терминдері қазақтың жыр-дастандарында, айтыс-термелерінде, арнайы діни 
оқулықтар мен діни еңбектерде және әдеби шығармаларында көрініс тапты. Зерт-
теу қазақ тіліндегі ислам діні сөздерінің қолданысын зерттеуге арналғандықтан
зерттеудің негізгі дереккөзі ретінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инсти-
тутының «Қазақ әдеби тілі сөздігі» (XV томдық) алынды. Қазақ жыр-дастандарын 
жинақтаған «Бес ғасыр жырлайды», «Он ғасыр жырлайды» және басқа да әдеби 
шығармалар таңдалды, сөздердің мағынасын ашу және діни» сөздердің қолданылу 
ерекшеліктерін талдау және көрсету үшін қолданылды. 
Сонымен қатар Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілінде жарық көрген «Дін 
мен дәстүр», «Ислам ғылымхалы», «Фиқһ әл-ғибадат», «Діни терминдер сөздігі», 
«Иман негіздері», «Саңлақ сахабалар», «Ақида дәрістері», «Кемелдік кілті», «От-
басы ғылымхалы» сияқты діни әдебиеттер зерттеудің негізгі дереккөзі ретінде пай-
даланылды. Қазақ тілді интернет ресурстарын да мейлінше жиі пайдалануға 


6
тырыстық. Себебі қазіргі кезде интернет желісіндегі таралатын ақпараттар 
мүмкіндігі баспадан шыққан кітаптардағы мәліметтерге қарағанда жылдамырақ әрі 
қолжетімді.
Жұмыс қазақ тіліндегі діни сөздерді зерттеуге арналғандықтан, лингвисти-
калық зерттеу әдістері қолданылды. Атап айтқанда,қазақ тіліндегі діни сөздерге 
фонетикалық, морфологиялық және грамматикалық сипаттама жүргізу әдісі, араб 
тілінен енген діни кірме сөздердің лингвистикалық бірліктерінің синтаксистік және 
иерархиялық өзгеруін анықтау үшін тарихи-салыстырмалы, салғастырмалы әдісі, 
диахрониялық ішкі және сыртқы реконструкция әдісі және талдау әдісі қолданыла-
ды.
Зерттеуді ғылыми негізде тұжырымдау барысында қолданған ұстаным-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет