Ал діни сөздерді қолданылу аясына қарай екіге бөлуге болады:
1. Діни терминдік мағынасымен бірге, тілдік мағыналарда да қолданылатын
сөздер;
2. Тек діни терминдік мағынада қолданылатын сөздер.
1. Жалпы алғанда, түркі халықтары VIII ғасырдан бастап ислам дінін ұста-
на бастады дейтін болсақ, сол кезден бастап түркі тілдерінде ислам дінімен бірге
келген араб тілі сөздері де пайда бола бастады. Қазақ тіліне араб тілінен енген
сөздердің діни терминдік мағыналарымен бірге, тілдік мағыналары да жиі қолда-
нылады. Оған мысал ретінде
дәрет, ғұсыл, дағуат, құрбандық, тажал-дажжал,
дәлел, жаннат, тозақ сөздерін айтуға болады. Бұл сөздер ауыспалы мағыналарда
да қолданылады.
2. Қазақ тілінде кейбір діни терминдер қолданылу жиілігіне қарамай, кейде
тек діни-терминдік мағынада қолданылады. Ондай сөздердің ішінен актив қорға
кіретін намаз, ораза, зекет, иман, ислам секілді сөздерді атауға болады. Ал зати
сипаттар, субути сибаттар, зәм сүресі, ракағат, мустахаб, мандуб, риба, зина,
ғарад, неке, талақ, идда секілді сөздер тек қана діни-терминдік мағыналарында
қолданылады. Бұл сөздердің көпшілігі бұқара халыққа таныс емес, арнайы маман-
дарға белгілі және діни тақырыптарда жазылған еңбектер мен мақалаларда кездесіп
жатады.
Діни сөздерді жазылуында кездесетін проблемаларына қарай үшке
бөлуге болады:
1. Жазылуы бір қалыпқа түскен сөздер.
2. Кезінде қадим және төте жазудан кирилл графикасына түсірген уақытта
пайда болған екі немесе одан да көп жазылу варинаттары, яғни нұсқалары бар сөз-
дер.
3. Тәуелсіздіктен кейін енген кірме сөздерде кездесетін сөздердің жазылу ва-
рианттары.
1. Жазылуы бір қалыпқа түскен сөздер, яғни бір вариантта ғана жазыла-
тын сөздер. Бұл топқа кеңес үкіметі тұсында да актив қордан түспеген сөздерді
жатқызуға болатын шығар. Оған иман, ислам, сәжде, мешіт, дәрет, намаз, ораза,
қажылық, азан сияқты сөздерді мысалға келтіруімізге болады.
2. Кезінде қадим және төте жазудан кирилл графикасына түсірген уақытта
пайда болған екі немесе одан да көп жазылу варианттары бар сөздер. Мұның басты
себебі араб графикасын қолданған қадим жазуда да, А.Байтұрсынұлы жасаған төте
жазуда да араб тілінен енген сөздердегі араб тіліне тән қазақ тілінде жоқ ،ءاحلا ،ءاثلا
نيعلا ،لاذلا сияқты дыбыстар араб тіліндегідей таңбаланған. Сол әріптер құрамында
бар сөздер кирилл графикасымен таңбаланғанда бірізді қалыпқа түспеді. Оның бұ-
дан басқа да бірнеше себептері бар. Ол туралы арнайы мақалада айтылар. Бұл топқа
әл-әмру бил-мағруф/әмір мағрұп; байтолла/байтуллаһ/байтұлла/байтілдә; шахид/
9
шәһид/шейіт; мазһаб/мазхаб/ мәзһабсияқты сөздерді жатқызуға болады.
3. Тәуелсіздіктен кейін енген кірме сөздерде кездесетін сөздердің жазылу ва-
рианттары. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тіліне араб, түрік және басқа да тілдер-
ден діни әдебиеттер аударыла бастады. Араб немесе түрік тілдеріндегі еңбектерді
басшылыққа алған көптеген ғылыми диссертациялар, діни еңбектер жарық көрді.
Осы еңбектердегі діни сөздердің жазылуында әртүрлі варианттар кездесіп жатады.
Мысалы, Термези/Тирмизи/әт-Тирмизи; Бұхари/әл-Бухари/әл-Бұхари/Бухари; Мус-
лим/Мүслім; Әнәс/Әнас; ракағат/рәкәт; рукн/рүкін; мүмін/мумин сияқты сөздер.
Көптеген тілде бір сөздің бірнеше жазылу варианттары кездесіп жатады. Бұл
тіл білімінде қалыпты құбылыс болғанымен, белгілі бір деңгейде кедергілер кел-
тіреді. Латын графикасына көшкен кезде осындай сөз варианттарын азайту үшін
осы бастан латын графикасы негізінде түзілетін тіл ережелерін әу бастан туралап
алу керек.
Сөзімізді М.Әуезовтің «араб, иран, өзбек тілдерінен кірген сөздерді қолдану-
дан қашудың қажеті жоқ» деген пікірін қолдай отырып, діни терминдерді араб тілі
нұсқасында қолдануды бірізділікке түсіруге шақырамыз.
|