Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет106/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Тазарту жұмысшы мұнарасы 
Топтастырылған бір тізбектегі (үш-төрт) қойманы механикаландыру үшін 1953 жылы 
өнімділігі 100 т/сағ болатын транспорттық жабдықтан тұратын (екі нориясы, жеті 
транспортері бар) жұмысшы мұнарасының жобасы жасалынды. Мұнда астықты тазарту 
үшін КДП-80 маркалы тазартқыш жабдығы қолданылады. Мұнараның биіктігі -24,5 м-ге 
көтеріледі. 
Бұл мұнараның жұмыс атқару қабілеті жеткіліксіз болғандықтан, бері келе 1954 жылы 
ТЖМ 3х100 (РБО-3х100) типтегі жаңа жобасы пайда болды. Бұл жобада өнімділігі 100 т/сағ 
болатын транспорттық жабдық және тазартқыш қарастырылады. Қабылдау, тазарту және 
астықты тиеу жұмыстарын бір мезгілде жүргізуге мүмкіншілік туды. Астықты автоматты 
таразыда өлшейді. 
Кейінгі жылдары бұл типтегі мұнара техникалық жағынан толықтырылды. Астықты 
көліктен түсіру үшін үлкен аударғыштар (ГУАР-30 м, У15-УРВС және т.б.) және вагонға 
астықты тиеу үшін вагонның үстіне тиеу шанақтары қойылады. 
Оңтүстік аймақтарда жүгері өсіретін жерлерде, астықты қабылдау өндірісінде МОБ-
МК мұнараларын көптеп салды. Бұл мұнара бес қабаттан тұрады. Жалпы биіктігі -14 м. 
Мұнда мына жабдықтар бар: жармалау агрегаты, тазартқыш автоматты таразы және 
мұнаралардың жанына ДСП -32 от кептіру агрегаты қойылған. 
Жүгерінің сабағы қабылдау қондырғысынан көлбеу және жоғарғы транспортер 
арқылы қоймаға жіберіледі. 


Қоймадағы ауа желдеткіші арқылы жүгерінің сабағын қайтадан мұнараға көтеріп, 
жармалау агрегаты жүгерінің дәнін сабағынан айырып, тазарту машинасына жібереді. 
Кептіру және тазарту мұнаралары 
Солтүстік аймақтарда қабылдау өндірістеріне егін даласынан келіп түскен астық 
көбінесе ылғалды түрде болады. Сондықтан бұл өндірістерде мына түрдегі мұнаралар 
кеңінен орын алған: СОБ-МК, СОБ-СК, СОБ-ПО, СОБ-1К, СОБ-1С және СОБ-1Б. 
Алғашқы пайда болған мұнара СОБ-МК, бұл Қазақстандағы астықты қабылдау 
өндірістерінде кең таралған. Технологиялық сызбасы 6-суретте көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет