Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет109/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

физикалық және физиологиялық құбылыстар ретінде қарауға болады.
Сақтауға қабылданған астықтың, дәннің құрамы мен қасиеттеріне әсерін тигізетін 
жағдайлар бар. Оларға дәнді дақылдардың сорттық ерекшеліктері, дәннің пісіп-жетілуі мен 
қалыптасу шарттары, астықты ору тәсілдері, астықты орылғаннан кейінгі сақтау мен астық 
қабылдау кәсіпорындарына тасымалдау жатады.
Астықтың сапасы мен қасиеттері тұқымдық дәннің сорттылық ерекшеліктері мен 
егіндік сапасына көп байланысты. Дәнді дақылдың сортына, түріне байланысты астық 
жиымының қуыстылығы, сусымалылығы және т.б. қасиеттері өзгеріп отырады. Тіпті 


дақылдың әр түрлі сортты дәндерінің физиологиялық қасиеттерінің өзгеше болуының 
нәтижесінде дәннің тыныс алу қарқыны әр түрлі мөлшерде болатындығы анықталған. 
Тұқымдық дәннің егіндік қасиеттері мен сапалығы оның бастапқы сапасына 
байланысты. Сондықтан егіндік стандартты нормалық мөлшерінен ауытқымай қатал 
орындау жоғары түсіммен сапалы астық алудың кепілі. Астықтың әрбір партиясын халық 
шаруашылығында тиімді пайдалануды жүзеге асыру үшін де оның сорттық ерекшеліктерін 
білудің мәні зор. 
Әрбір сорттың ауылшаруашылығында есепке алынатын көптеген қасиеттерінен басқа 
әр түрлі тұтынушылық белгілері, көрсеткіштері болады. Мысалы: бидайды онының 
ұнының сапасы бойынша, күнбағар майлылығы, күріш, тары, арпа өнімдері сапасы мен 
сипатталады. Мұның бәрі астықтың әр түрлілі партияларын қабылдау және өңдеу 
кәсіпорындарында сорттың ерекшеліктеріне байланысты бөлек орналастыруды керек етеді. 
Дәннің сорттық ерекшеліктері астықты мемлекет қоймаларына тапсырып өткізетін астық 
шаруашылықтары мен есеп айыру кезінде де еске алынады. 
Дайындау жүйесі астық өндірушілерден жоғары тұқымды дән (элита) сатып алып, 
кейін оны егістік материал ретінде белгілі бір мөлшерде ауыл шаруашылығына қайтарып 
беріп отырады. Сондықтан қабылдау, дұрыс сақтау, тиімді өңдеу және тұқымдық қорды 
шаруашылықтарға мөлшерлеп таратып беріп отыру сияқты шараларды жүзеге асыру 
қабылдау қызметкерлерінен әрбір сорттың өзіндік ерекшеліктерін, оларды сақтау 
тәртіптерін жетік білуді талап етеді.
Дәннің өсіп жетілуі мен қалыптасу шарттары астықтың шығымдылығына, түсініме, 
қоймаларға сақтау барысындағы оның сапасы мен күйіне елеулі әсер етеді. Астық сапасы 
тыңайтқыш пайдалану және әрбір жылдың ауа райы ерекшеліктеріне байланысты. Егер ору 
алдында, не орақ кезінде жауын шашын неғұрлым көп болса, солғұрлым дәннің 
ылғалдылығы жоғары болып, сақтауға төзімсіз келеді. 
Ал өте құрғақшылық жылдары астық қырманға құрғақ күйінде түседі, дән толмай 
қысыңқы, әлжуаз болып қалады. 
Бұрын Кеңес одағы деп аталған ұлан байтақ елдің солтүстігінде және солтүстік 
шығысында әрдайым орын алып отыратын қатқыл суықтар да дәннің дұрыс қалыптасуына 
кедергі келтіреді. Бұл кездерде астық қабылдау кәсіпорындарына суыққа шалдыққан, аяз 
ұрып үсіген, соның нәтижесінде сапасы төмендеген және сақтауға төзімсіз дән көп түседі.
Кейде егістіктің өзінде –ақ өсімдіктің түп тамырларын қандала секілді егін 
зиянкестерізақымға ұшыратуы ықтимал. Мұның салдарынан астықтың шығымдылығы, 
түсімі кеміп, одан пісірілетін нан өнімдерінің сапасы төмендейді. Астық құрамындағы 
қоспалардың, шөп-шалаңның деңгейі де әр түрлі болады.
Егер астықтың құрамында қоспалар, әсіресе зиянды қоспалар көп болса, ондай 
партияларды арнаулы өңдеуден өткізіп, бөлек орналастырып, тіпті ерекше жағдайда сақтап, 
пайдалануды көздеу керек.
Өсімдіктің егіске өсіп-жетілуі мен дәннің қалыптасу кезінде де бактериоз және микоз 
деп аталатын микробтардың дәннің сапасын төмендетуге ықпалы болуы ықтимал.
Астықтың саны мен сапасы, дәннің күйі мен жалпы түсімі ору кезіндегі ауа райына, 
орақ жұмыстарын ұйымдастыру мен техникалық деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан 
астық қорын ысырапсыз жинап алып, оны мұқият сақтауды қамтамасыз етуді көздейтін 
арнаулы шараларды дер кезінде қабылдап, жүзеге асырып отыру керек.
Біздің елімізде астық ору қысқа мерзімдік науқан ретінде өткізіледі. Сол себептіде 
орақ барысындағы шығындарды барынша азайтуды, қысқартуды, тіпті оған жол бермеуді 
көздеу керек. 
Егер ору техникасы, оның тиісті жабдықтары сай болып, білікті маман жұмыскерлер 
жеткілікті болса, дәнді дақылдарды орып бастыру, жинау алу 10-12 күнге ғана созылады.
Дәнді дақылдарды комбайнмен орып жинайтыны белгілі. Орудың бір не екі фазалы 
деп аталатын екі түрлі тәсілі қолданылады.


Бір фазалы жинау бірден не комбайндау деп те аталады. Бұл тәсіл бойынша біркелкі 
пісіп жетілген дәнді дақылды орады да, бірден бастырып отырады.
Ал екі фазалы жинау тәсілін жеке бөліп не ажыратып жинау деп атайды. Бұл тәсіл 
бойынша дәнді дақылды пісіп жетіле бастауына сай орып, дестелеп, 3-5 тәулік кептіргеннен 
кейін бастырып жинайды. Өсімдіктің ору биіктігі шамамен 15-25 см болғаны дұрыс. Ауа 
райы қолайлы қалыпта тұрса, астық орылғаннан кейінгі 3-5 тәулік өткен соң, дән 
кебіңкіреп, әрі әжептәуір пісіп жетіліп, қатайып қалады. Орақ науқанын 6-7 күн ертерек 
бастап, қысқа мерзімде әрі сапалы аяқтауға болады. Пісіп жетілген астықтың тікелей бірден 
комбайндау кезінде орын алатын дән қауызынан түсіп төгілуі салдарынан болатын шығын 
азаяды. Сонымен қатар науқанының ерте бітуі егістікті аршып тазалау, топырағын 
қопсытып келесі жылға дайындықты желдетуге көмегі тиеді. Ең бастысы екі фазалы жинау 
тәсілі астықты орып жинау барысында едәуір таза құрғатылған дән алуға болатыныдығы.
Мұндай партияларды, әсіресе жылы шуақты, ауа-райы және қажетті агротехника мен таза 
егістік болған жағдайда астықты қосымша тазалау мен кептірудің қажеттілігі болмайды.
Екі фазалы жинау тәсілі Сібір жағдайында дәнді ерте түсетін үсіктіен сақтайтын 
мүмкіндік тудырады да, ал оңтүстік өңірде уақытылы орып жинап алынған астыққа 
қандала, таскене түспейді. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескеретін болсақ астықты екі 
фазалы тәсілмен жинау егістіктің әрбір атызын машина екі рет жүріп өтетініне қарамастан 
экономикалық тұрғыдан комбайндаудан тиімділеу. Сонымен қатар тікелей (бірден) 
комбайндау тәсілі де орынды қолданылып жүр. Әсіресе кейбір дәнді дақылдар үшін осы 
тәсіл тиімді болатын кездері де бар. Мысалы, күріш, тары сияқты жарма дәнді дақылдар 
үшін. Себебі екі фазалы тәсілмен орылғаннан кейінгі 3-5 кейде 7-8 күн өтеді, сол кезде 
астық күн түскен жағынан құрғап, дән жарықшақтанып, сызаттанып, шытынап кетеді. Бұл 
келешекте осы дәннен өндірілетін жарманың шығымен азайтып, сапасын төмендететді. Ал 
бір фазалы жинау тәсілі астық әбден пісіп жетілген кезде қолданылады, бірден 
комбайндалғандықтан дәннің ылғалдылығы жоғары болып келеді де, қырманда, қабылдау 
кәсіпорындарында арнаулы кептіргіш қондырғылары қажет болады, ылғалды дән дер 
кезінде кептіруді талап етеді. 
Астықты орып жинау тәсілін таңдау жолында егістіктің күйін, дәнді дақылдардың 
ерекшеліктерін, ауа-райының жағдайларын және де басқа орақты ұйымдастыру жұмыстары 
сияқты факторларды талдаған орынды. Орақ науқаны кезіндегі ауа райы астықтың күйіне, 
сапасына, келешектегі сақтау барысында орын алатын физиологиялық құбылыстарға әсерін 
тигізеді. Әсіресе, дәннің сол кездегі ылғалдылығының әртүрлі болуы. Егер Солтүстік 
Кавказ, Қырым және басқа да оңтүстік өңірлерде дәннің ылғалдылығы орта есеппен 14-
15%шамасында болса, солтүстік пен батысқа жылжыған сайын бұл көрсеткіш 16-20%, тіпті 
одан көбейе береді. Ал ылғалдылығы 17-18%шамасындағы дәнді 1-2 күннен артық ұстауға 
болмайтынын еске түсірсек, келешектегі қолданылатын сақтау технологиясының 
қаншалықты күрделі болатынын түсіну қиын емес. 
Астықты орып жиналғаннан кейінгі мезгілдегі сақтау шарттары мен оны қабылдау 
қабылдау кәсіпорындарына тасымалдап жеткізуді мұқият, қалтқысыз орындау керек. 
Астық қабылдау кәсіпорындарына жиналған дән түсімінің бірер бөлігін әкеліп 
өткізеді. Көпшілігі қырманда алдын ала өңдеуден өтеді де астық шаруашылық 
қоймаларында уақытша сақтала береді. Кейбір партиялар үшін бұл мерзім бірнеше сағат 
пен тәуліктен бір айға, кейде одан көпке созылады. Осы кезде дәнге әртүрлі құрт-құмырсқа 
және кенелер зиян келтіруі ықтимал. Ауа райы қолайсыз болса дән дымқылданып, өніп 
кетеді де нешетүрлі шыбын-шіркей тәрізді жәндіктердің өсіп мекендей бастап, астықтың 
өздігінен қызуына әкеп соғады. 
Жаңа жиналған астықтың бұзылуының тағы бір себебі өткен жылдың сабан-топан 
секілді қалдықтарынан тазартылмаған қырманға не егістік алаңшаларына қабылданып 
түскендігінен де болуы мүмкін. Мұндай дәнге мұқият қарап, тиісті күтім жасамаса, ол 
дымқылданып ылғалдығы артып өздігінен қызуға шалдығады. Бұл құбылыс жаңа орылған 
астықта өте тез өрбіп кетеді. Ал дәнді қызған күйінде астық қабылдау кәсіпорындарына 


әкеп өткізуге болмайды, мемлекеттік түгілі, қай тұрғыдан болса да, мұны заң бұзушылық 
пен қылмыскерлік деп бағалайды. Дән сапасының төмендеуі мен шығыны астықты 
тасымалдау барысында да орын алып қалатынын естен шығармау керек. 
Жаңа ғана орып жиналған астықты күту, дәнді дақылдардың әрқайсысының өзіне тән 
ерекшеліктерін есепке ала отырып, тиімді, ауқымды шаралар жүйесін алдын ала дайындап, 
уақытылы жүзеге асырып отыру ауыл шаруашылығы саласының мемлекет пен халық 
алдындағы жауапты міндеттерінің бірі. 
Астық шаруашыүшін мемлекетке сатпай, дайындау жүйесіне өткізбей қалдыратын 
астық қорының жылдан жылға, қазіргі кезде үстем болып, кең тарап келе жатқан нарық 
экономикасының да шарттарына тікелей байланысты көбейе түсетінін ескеретін болсақ, 
астықты қырманда, кішігірім қоймаларда сақтаудың маңызы арта бермекші. 
Дәннің сақталуға төзімділігі деп аталатын қасиетті, күй-жайы мен сапасы және оны 
тиімді пайдалану астықтың орып-жинап ала салғаннан кейінгі жағдайларға көп 
байланысты. Астық қабылдау кәсіпорындарына сапасыз, стандартқа сай емес дәнді өткізген 
шаруашылықтың кіріс табысы азаяды, себебі астықты тазалау және кептіру үшін жұмсалған 
қаржы солардан өтеледі, астықтың жалпы саны, жиымы кемітіледі. Қабылданған сапасыз 
астықты жедел түрде тазалауды ұйымдастыруды қамтамассыз ету қажет. Сапасыз дән 
жиымын бөлек жеке дара орналастыру шараларын қолданып оған қосымша қойма 
қарастыруға тура келеді. Егер бұл шарттар орындалмаса, не уақытынан кеш қолданылса 
дәннің сапасы күрт төмендейді. 
Демек қабылдауға келіп түскен әрбір партияның, әрбір дәнді дақыл жиымының 
сапасын бұлжытпай дәл анықтау, әрбір дәнді дақылдың өзіне тән ерекшеліктері туралы 
түбегейлі мәлімет болу, өңдеудің тиімді тәсілдерін, жолдарын табу және оларды дер кезінде 
жүзеге асыру, астық сақтаудың тиімді ереже-тәртіптерін анықтап қолдану- астық қабылдау 
кәсіпорындары қызметкерлерінің жауапты міндеттері болып табылады. Осы мәселелерді 
дұрыс шешу астықты сақтау кезіндегі күтімді ұйымдастыру, қосымша өңдеу, біркелкі 
тұрақты сапалы партиялар дайындау, тұтынушыларға жөнелту және т.б. сол сияқты керекті 
шараларды іске асыруды жеңілдетеді. 
Сонымен астық массасының құрамы тірі организмдер комплексінен тұрады. Астық 
массасының жалпы қасиеттері екі топқа бөлінеді: физикалық және физиологиялық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет