Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Өнеркәсіптік кондициялар әрбір өнеркәсіп саласының шикізатына қойылатын 
талаптар нормасы жөніндегі түсініктер. Өнімнің шығымын белгіленген сапалық нормалар 
бойынша есептейді. 
Экспорттық кондиция – дүние жүзілік астық саудасындағы сапаға қойылатын 
талаптар ескеріле отырып, халықаралық стандарт негізінде жасалынады.
Экспорттық кондициялар оларды дүниежүзілік сауда нарқы бойынша белгілейді. 
Тауарлардың сапасына қойылатын талаптарды ескереді. Экспорттың кондициялармен 
танысу ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқы судаға шығаруды дұрыс ұйымдастыруға 
мүмкіндік береді.
Басқа мақсаттар үшін де кондициялар бар. Ұзақ уақыт сақталатын тауарларға арнаулы 
кондициялар қарастырылған. 
Сатып алынған астықтардың сапасын көрсететін біріккен стандарттар бар. Мысалы 
МСТ-13634-68, немесе ГОСТ-13634-68 «Азықтық және жем азықтық жүгері» мұнда 13634- 
стандарттың тіркелген нөмірін көрсетеді; 68- стандарттың бекітілген жылы -1968 жыл. 
Дайындау кондициясы - өнім дайындайтын мекемелердің өткізушіге қоятын 
талаптары қарастырылған кондиция. Оларды базистік және шектік деп ажыратады. 
Базистік кондициялар – сапаның негізгі нормалары, ауылшаруашылық өнімдеріне 
есеп айырысу үшін қажет.
Базистік кондиция- сапалық белгілердің тұтынушыны (сатып алушыны) 
қанағаттандыратын деңгейі. Сапаасы бойынша базистік кондиция талаптарына сай 


астықтың сақтау мерзімі ұзақ болады, өңдеу барысында одан сапалы әрі жоғары мөлшерде 
өнім алынады.. Сондықтан, бұл кондиция өнімді сатуда, сатып алуда, есептеу кезінде сол 
өнімнің құны мен салмағына әсер етеді.
Базистік кондиция талаптарына сай астықты ешқандай кемітусіз физикалық салмағы 
бойынша қабылдайды, келісім- шартта көрсетілген құны толығымен төленеді. Егер сапалық 
көрсеткіштері базистік кондиция талаптарына сай болмай жоғары не төмен жағына 
ауытқыса, ондай астықтың салмағы (құны) кемітіліп немесе үстеме жасалып қабылданады.
Базистік кондиция нормасының сапасы артқан астықтың бағасына үстеме баға 
(бонификация), ал спасы төмен астықтың бағасы шегеріліп (реафикация) төленеді. 
Базистік кондицияны ауыл шаруашылығы министрлігі бекітеді. Базистік кондиция 
астықтың жақсы сақталуын және жоғары сапалылығын қамтамасыз етеді. 
Базистік кондицияны астықтың натуралдық белгілері, шөпшар және астық қоспалары, 
ылғалдылығы бойынша анықтайды. Базистік кондицияға сәйкес астық сау, қалыпты иісі 
болуы және астық қорларының зиянкестерімен зақымданбауы керек. 
Базистік кондицияны топырақ-климат жағдайларына қарай белгілейді. 
Бидайға базистік кондициялар мынадай сапа көрсеткіштерімен белгіленген: 
ылғалдылығы – 14,5 % шөпшар қоспасы -1%, астық қоспасы - 2 % және натуралдық масса 
жұмсақ бидай үшін 750 г/л, қатты бидайға – 745 г/л. 
Базистік кондиция астықтың түріне, топырақ-климаттық жағдайына байланысты 
негізгі сапалық көрсеткіштерге қойылады. (1-кесте). 
1-кесте. Негізгі астық дақылдарының базистік жіне шектеулік кондициялары 
А/ш 
дақылдары 
Ылғалдылығы, % 
Ластылығы, % 
Көлемдік 
салмағы, 
г/л. 
Базистік 
Шектеулік 
Лас қоспа 
Дән қоспа 
Базистік 
Шектеулік 
Базистік 
Шектеулік 
Күздік бидай 
14,5 
19 



15 
750 
Жаздық қатты 
бидай 
14,5 
19 



15 
745 
Жаздық 
жұмсақ бидай 
14,5 
19 



15 
750 
Қара бидай 
14,5 
19 



15 
680 
Арпа 
14,5 
19 



15 
580 
Сұлы 
13,5 
17 



15 
460 
Тары 
15,0 
17 



15 

Қарақұмық 
14,5 
19 



15 

Күріш 
14,5 
19 



15 

Жүгері 
(дәндік) 
22 
25 



15 

Собық 
(бас) 
жүгері 
22 
25 



15 

Өнім өндіруші шаруашылық көп жағдайда, өз өнімінің сапасын аталған кондиция 
талабына сай етіп өткізе алмайды. Оған себеп өнімді өңдеуге арналған арнайы құрал 
жабдықтардың, техниканың жеткіліксіздігі, олардың дұрыс істемеуі, өнімді жинау, өңдеу 
кезіндегі ауа райының қолайсыздығы, тасымалдау ұзақтаға, т.б. Астық сапасы базистік 
кондицияға сай болмаған жағдайда шектеулік кондиция ұғымы қолданылады.
Егер өнім сап көрсеткіштері бойынша базистік кондициядан жоғары немесе төмен 
болса, онда физиклық массасына қосымша немесе шегеру бағасы есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет