Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет18/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Екінші –астық өнімдері сапасын төмендетпей сақтау. Астық өнімдері мен тұқым 
сапасының төмендеу жағдайлары сақтау режимін бұзудың нәтижесінде, тиісті күтімнің 
жоқтығынан туындайды. Сапа көрсеткіштерінің төмендеуінен болатын шығындар, егер 
оларға шара қолданбаса, үлкен зардапқа ұрындырады. Сақтау кезінде тек қана жаңа астық 
көрсеткіштерінің шығындары /түсі, иісі мен дәмнің өзгеруі/ жарма, ұн мен нан өнімдерінің 
сапасын күрт нашарлатады, ал астық кейде азық түліктік мақсатқа пайдалануға мүлде 
жарамай қалады. Астық өнімдерінің сапасының төмендеуінің басқа себептеріне олардың 
ұзақ (уақыт) мерзім сақталуы жатады, әрбір тауар оңтайлы жағдайларда сақтағанның өзінде 
белгілі бір ұзақ өміршеңдігімен ерекшеленеді. Белгілі бір сақтау мерзімнен кейін тауардың 
тұтынушылық қасиеттері төмендейді. Мәселен, ұн мен кейбір жарма топтары сақтаудың 2-
3 жылында –ақ сапасын күрт нашарлатады. 2-4 жылдан кейін тұқымдық сапа 
көрсеткіштерінің төмендеуі де байқалады. Астық және оның өнімдерінің, тұқымның 
ескіруіне /қартаюына/ байланысты, оларды сақтау кезеңінде мезгіл-мезгіл жаңалап отыру 
қажет, сапасы төмендемей тұрғанда саудаға шығарған дұрыс. 
Үшіншіден –астық өнімдерінің сапасын сақтау кезінде жақсарту. Астық пен 
тұқымның толыққұнды пайдалану және тұтыну қасиеттерін жақсарту үшін оларды әрі 
қарай өңдеу, басқаша айтқанда технологиялық тәсілдерді қолдану қажеттігі туындайды. 
Астыфқ пен тұқым топтарының сақталуы үшін де оларды өңдеген жөн. 
Республикамыздың ауыл шаруашылығында, астық қабылдау мен өңдеу 
кәсіпорындарында тұқымды жоғары себу кондициясына /1-класқа/ және азық-түліктік, мал 
азықтық юбағыттағы астықты мемлекеттік мөлшерлеу деңгейіне жеткізу үлкен маңызға ие 
болады. Өнім сапасын жүйелі түрде арттыру – экономиканы дамытудың міндетті талабы. 
Төртінші –саны мен сапасын сақтай отырып сақтаудағы бір өлшем өнімге 
жұмсалатын еңбек және өндіріс шығымдарын барынша азайту. Астық өнімдерін 
сақтағанда техникалық база неғұрлым жетілдірілген болса, астық массасын өңдегенде жаңа 
технологиялық шаралар іске асырылғанда, өндірісті тиімді ұйымдастырғанда, астық 


қабылдау және өңдеу кәсіпорындары қызметкерлерінің біліктілігін арттырғанда, өндірістік 
шығындардың кемитіндігі белгілі. 
Қазақстанда астық, тұқым және олардан өндірілетін өнімдер селекциялық 
стансаларда, әртүрлі нысанадағы шаруашылықтарда, элеваторларда, астық қабылдау 
пункттерінде, ұн, жарма, құрама жем, нан зауыттарында, макарон фабрикаларында, өсімдік 
майын, крахмал өндіру, сыра қайнату, спирт зауыттарында –сақталады. Мемлекеттік астық 
қорын жинақтау, орналастыру, өңдеу және сақтау, оларды пайдалану, әрі Қазақстан халық 
шаруашылығының барлық салаларын астықпен қамтамасыз ету, астық қабылдау және 
астықты өңдеу кәсіпорындарына жүктелген. Аталған кәсіпорындар сонымен қатар дәнді, 
дәнді бұршақ, майлы дақылдар мен мал азықтақ шөптердің сортық тұқымдарын 
қабылдайды, сатады және өңдейді.
Халықты нан, макарон өнімдерімен және жармамен тұрақты түрде қамтамасыз ету 
республикамызда ұн мен жарма зауыттарында өндіріледі және бұл өнімдердің негізгі 
қорлары соларда сақталады. Сақтауды дұрыс ұйымдастырмау, бүлінудің негізгі себептерін 
білмеу және сақтау кезінде астық сапасының төмендеуі үлкен шығындарға ұрындырады. 
Сондықтан астық сақтайтын қоймалар құрғақ, жақсы желдеілетін болуы керек. Астық 
сақтаған кезде әртүрлі дақылдар мен сорттардың араласып кетпеуін қатты бақылау керек. 
Ол үшін қоймалардың ішіндегі бөліктері жеткілікті болуы тиіс. Ылғалы мол астық сақтауға 
келмейді, қоймаға құйылатын бидайдың, қара бидайдың, арпаның, сұлының, 
қарақұмықтың, бұршақтыңдымқылдығы 14-15 %- тен, тары мен жүгерінікі 15,5-03,5 %-тен
аспауы керек. Астық құйылар алдында қоймалар тазартылып, дезинфекцияланады. 
Қоймалардың едені каустикалықсоданың ерітіндісімен (бір шелек суға 1,5 кг) жуылады, ал 
қабырғалары әк-керосин эмульсиямен (бір шелек суға 400 г әк және 200 г керсин құйылады) 
бүркіледі.
Егер дән тұқымға арналған болса, оның үйіндісінің биіктігі 1,5 м (күріш, тары) 2,5 
метрге дейін (бидай, қара бидай, арпа,сұлы) болуы тиіс. Ал астық азыққа, жемге арналса, 
жақсы кептірілген болса дән үйіндісінің биіктігін әлдеқайда биік етіп сақтауға болады. 
Қоймаға құйылған астықты мұқият қарап отыру керек. Астықтың дымқылдығы аздап 
жоғары болса, жөнді тазаланбаса қыза бастауы мүмкін. Оны тексеріп тұру үшін, үйіндінің 
әр жеріне түбіне дейін жететін ағаш немесе темір таяқтар шаншып қойып, оны анда-санда 
алып тексеріп тұрады. Егер дәннің қыза бастағаны байқалса, шұғыл шаралар қолданылады. 
Дәннің дымқылдығын төмендету үшін оны тездеп желдетуге кіріседі, дән веялкадан 
өткізіледі. Қоймаға зиянкестердің түспеуін де қадағалап тұру керек, егер пайда болса, 
оларды жою үшін шұғыл түрде қойманы газбен дезинфекциялайды. Астық және оның 
өнімдерінің үлкен тобын сақтауды ұйымдастырудың күрделілігі олардың физиологиялық 
және физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты. Астық және жекелеген дән тірі ағза 
болып табылады, оларға әртүрлі тіршілік процестері тән, әрі бұл процестердің 
қарқындылығы қоршаған орта факторларына тәуелді. Егер соңғылары дән 
жасушаларындағы зат алмасуды үдетсе, мұның өзі оның массасының шығынына әкеліп 
соғады да, сапасының төмендеуіне себепші болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет