ТВУ қондырғысын жұмыс орнына жиналған күйінде жеткізеді.
Содан кейін
қойманың немесе алаңның еденіне орналастырып, түзу сызық бойымен ұзындығы
жеткенше қойып шығады. Оның жұмыс жағдайындағы жалпы ұзындығы 9,86 м
қондырғының созылған күйінде дәнді үстіне үйеді.
Дәнді төккен кезде созылған
бөліктердің қозғалып, сынып кетпеуі үшін шаралар қолданылады. Бұл дән үймегінің
астынан дәнді үздіксіз сорып алу үшін қажет. Құбырдың үстіне дән төккен соң оған
желдеткішті қосады.
Қажетті технологиялық нәтижеге қол жеткізген соң ТВУ – 2 қондырғысы үймектің
астынан шығарып алынады. Бұл жағдайда салқындайтын бөлікті қозғалмай – ақ жаңадан
түсіп жатқан дәнді өңдеуге болады. Телескопты құбырды үймектің астынан суырып алу
үшін
оны желдеткіштен ажыратады, ал тростың ілмегін автомобиль немесе басқа
транспорттың ілгішіне кигізеді. Автомобиль құбырдан тура қозғалып, тросты тартады да,
бір – біріне кигізгенімен барлық бөліктерді қоса тартады.
ТВУ – 2 қондырғысын қоймалардың қабырғаларын жағалай төгілген дәнді желдету
үшін пайдалы болат сымдар тартылады. Барлық тартылған сымдар бірыңғай кеңістік
каркасты құрайды да қойманың қабырғаларын берік тартып тұрады. Тік ді перфорациялы
бөлгіш құбырларды болат сымдарға қомыттар арқылы бекітеді.
Әр құбырға жіңішке трос
ілініп, арнайы поршень бекітілген. Құбыр бойымен поршень қозғалғанда ауаның біркелкі
бөлінуі қамтамасыз етіледі немесе өңделетін үймекке фумиганттың жеткізілуіне қол
жеткізіледі.
Бұл қондырғылар өзінің құрылысы мен пайдалануы жағынан қарапайым, жылдам
және дәнді желдетуді іс жүзінде толығымен маханизациялауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: