Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет108/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
129 
екіншісі - басқарушылық (жаратылған дүниені). 
Адам мәселесін де Филон жаңаша көзбен карайды. Ол адамның хайуандық 
жағы - дене; 2 - жан, ақыл-ой; 3 - рух - Құдайдан пайда болған. Олай болса, адамның 
жаны табиғаттан шыққаннан кейін құрып кетуі де ғажап емес. Бірақ ол рухпен бірге 
өмір сүрсе, онда өлместік дәрежесіне көтерілуі мүмкін. 
Сондықган адам Ғарышты танудан гөрі, ең алдымен өзінің ішкі өмірін тануға 
тырысуы керек. Адам өзін танып - біліп, сыртқа серпіліс жасаған кезде, өзінің 
толығынан бишара екендігін мойындайды. Тек қана өзінің пенделігінен өтіп, 
жаратылмаған мәңгілік Құдаймен байланысқа түссе ғана масайрайды. 
Гностиктер ілімі 
«Гносис» деген грек сезі «тану-білу» мағынасын береді. Алайда бұл сөзбен 
біздің дәуірдің басында өмір сүрген, ақыл-оймен танудан гөрі, мистикалық, (құпия) 
жолмен Дүниенің сырын ашуға болатынына сенген діни сектаны айтамыз. 
Гностикалық ағым Құдайды және адамды құтқаруға арналған. Оған мынандай 
сұрақтар кіреді: 
1. Біз кім едік, енді не болдық? 
2. Біз қайда болып едік, енді қайда қуылдык? 
3. Енді қайда болғымыз, неден кұтылғымыз келеді? 
4. Туу және, қайта туу дегеніміз не? 
Гностикалық тәжірибеде қамығу мен алаңдау аркьшы сананың астары 
ашылып, сонда игілік пен зұлымдыктың бір-бірімен ымыраласпайтыны анықталады. 
Адам өзінің жаратылысы бойынша игілікке жаратылған. Өйткені ол зұлымдықтан 
зардап шегеді, одан аулақ жүргісі келеді. Ал бұның өзі адамның басқа Дүниеден 
шыққанын және сол Дүниеге қайтып оралуы керек екенін көрсетеді. 
Ол үшін адам өз-өзін терең танып-білуі керек. Бұл кайта оралуда Құтқарушы - 
Иса пайғамбар көмектеседі. 


Нуржігіт Алтынбеков 
130 
Гностиктер адамдарды үшке бөледі: 
1. пневматикалық адамдар, олардың рухы басым; (рnеvmа - 
грек сөзі, алғашқыда - тыныс, соңында - рух); 
2. психикалық адамдар, олардың жаны псюхе басым 
(рsусһе - грек сөзі, жан); 
3. гиликалық адамдар (gіlе - грек сөзі, материя, зат) дене 
қажеттіктері басым. 
Соңғылар өмірін өліммен бітіреді, біріншілер құтқарылады; екіншілер 
біріншілердің жолын қуса, құтқарылуы мүмкін, бірақ үшіншілердің ізімен жүрсе, 
Дүниеден мәңгі кетеді. 
Гносиктердің айтуынша, бүл Дүние - зұлымдыққа толы, сондықтан оны Құдай 
жаратқан жоқ. Оны жаратқан Құдайға қарсы, арам пиғылды - Демиург. 
Олар гностикалық ілім - Христостың өзінің ең жақын оқушыларына ашқан 
аяны, ол «Ізгі Хабардан» (Евангелие) бөлек деген пікір айтқан. 
Әрине, мұндай гностикалық көзқарастар әлі христиан дінінің философиясы күш 
ала алмай, сонымен қатар ескі грек ілімдері, рухы әлі біршама өзінің рухани өмірге 
әсерін тигізіп жатқан кезде пайда болса керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет