Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет110/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
132 
тұрғысынан каралса, екінші жағынан, ол абсолютті болғаннан кейін, оның ешқандай 
қасиетін сипаттауға болмайды, ешкандай анықтама берілмейді, өйткені Құдай - бұл 
болмыстың аржағында. Бұл Дүние - жаратылған, сондықтан Жаратушыдан анағұрльш 
төменде; материя жаратылған нәрсе болғаннан кейін, оның шырмауынан кұтылуға 
болады. 
Сонымен қатар бұл Дүниені Құдай мақсатқа лайықты әсем, игі қылып жаратты. 
Патристикалық философияның терең түп-тамыры мистикаға кетеді. Мысалы, 
христиан дінінің «дүниені жоқтан жарату», троица (үштік) кағидасы - қарапайым 
сананың да, теоретикалық ойлаудың да шеңберінен шыққан түсініксіз мистикалық 
нәрсе. Сондықтан Тертуллианның «сгеёо, циіа аЪкигёит езі» (сенемін, өйхкені ақыл-
ойға сыймайды) деген нақыл сөзі сол кездегі философиялык ахуалды шынайы 
бейнелейді. Енді патристиканың көп өкілдерінің ішіндегі аса ірі тұлғасы киелі 
Августинге тоқтап, оның философиялық көзқарастарын талдайық. 
Бүкіл Христиан философиясының ірі тұлғаларының бірі -киелі Августин. Ол 354 
ж. Тагаст қаласында (Африка) Дүниеге келеді. 
19 жасқа келгенде Августин манихейлік дінді қабылдайды. Бұ_л діннің негізін 
қалаған - парсылық Мани (3 ғ.). Ол өз ілімінің қайнар көзі Зороастра, Будда жэне Христос 
деп есептеген. 
Манихейлік ілім Дүниеде екі бір-біріне қарсы тұрған негіз бар дейді. Олар күн мен 
түн, игілік пен зүлымдық. 
Алғашқы уақытта олар бір-бірінен бөлек емір сүреді. Екінші дәуірде зұлымдық 
(материя) сәуле әлеміне кіріп, екі негіз бір-біріне араласып кетеді. 
Уақыттың үшінші сатысында сәуле мен түнектің өзара күресі ізгіліктің жеңісіне 
әкеліп, материяның қалдықтары дүниежүзілік өртте құриды. 
Адамға келер болсақ, ол - түнектің туындысы. Оның денесі жанды (сәуледен 
шыққан) өз ішінен жібермей тұтқындап түр. Иса пайғамбар осы адамдардың жанын 
құтқару үшін жіберілген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет