Нуржігіт Алтынбеков 135
келтіріп, заттың қабылдануына әкеледі.
Ал ақыл-ойға келетін болсақ, ол диалектикалық жолмен жүреді. Мысалы, «Егер
дүниеде 4 стихия болса, ол 5 емес; Егер күн біреу болса, ол екі емес; Бір жан-дүниені
алсақ, ол өліп, сонымен қатар тірі болмайды. Бір адамды алсақ, ол масайрап, сонымен
қатар бақытсыз бола алмайды».
Августиннің айтуынша, сезімдік Дүние бізді тұрақтылыққа әкелмейді, ол өне
бойы өзгереді. Адамның денесі де өзгерісте, ал ақыл-ой - тұрақты.
Олай болса, «ақыл-ой» дегеніміз - жан-дүниенің жанары мен жүзі, сол арқылы ол
ешқандай дененің көмегінсіз ақиқатты көре алады.
Айнала қоршаған заттарды көру үшін күннің сәулесі керек; Сол сияқты ақиқатқа
жету үшін ерекше сәуле түсү керек. Ол үшін Құдай идеясы керек. Онда танымның 3
бастауы бар. Ол - оның өмір сүріп жатқандығы, тануға-білуге болатындығы және
соларды біліп-танылатын қылатындығы.
Августиннің ойынша, Құдай мен ақиқат - тең. Бірақ олардың арасында, сонымен
қатар айырмашылык та бар. Акиқат - Құдайдың ойы. Бұл арада бізге Платонның
«Идеялар әлемі» есімізге келеді. Тек қана Августиннің идеялары Жаратушының
дүниені тудырар алдындағы ойлары ретінде түсініледі.
Сонымен Құдайда ойлау заттардан ерте, ал адамдарда заттардан кейін жүреді.
Енді, міне, біз Августиннің Құдай ұғымына тікелей жетіп калдық.
Құдай мәселесі Августин христиан философиясында Құдай болмысының 3 дәлелдеуін ұсынадьі;
Бірінші дәлелдеуде ол Дүниенің жетілгендігін ұсынады. Дүние қаншалықты
әртүрлі және өзгерістс болғанменен, ол хаос емес, онда тәртіп, әсемдік бар. Дүние
ешқандай сөзсіз-ақ бізге Жаратушыны, оның құдіретті күшін көрсетіп тұрғандай.
Екіншіде бүкіл адамзаттың Құдайдың болмысы жөніндегі келісімі, оны
мойындауы, көнуі жатыр. «Құдайдың Дүниедегі билігін, адамның ақылы болса,
аңғармайтын адам жоқ. Егер біз аз-мәз табиғаты бүзылған адамдарды есептемесек,