Нуржігіт Алтынбеков 136
қалған бүкіл адамзат Құдайдың болмысын мойындайды».
Үшінші дәлелдеу игіліктің баспалдақтық табиғатынан шығады. Ең соңында біз ең
жоғарғы игілікке – Құдайға келіп тірелеміз.
Расында да, Дүниеде тегіс дала бар. Соқпақтар, таулар бар. Дүниеде бір зат әсем,
ал екіншісі одан да әсем, бір зат пайдалы, ал екінші зат одан да пайдалы. Ал олардың
бәрін салыстырып анықтау үшін, біз еш нәрсемен салыстырылмайтын өзіне-өзі тең,
таза игілікті қажет етеміз, ол - Құдай.
Сонымен Болмыс, Игілік, Ақиқат- Құдайдың мән-мағыналық касиеттері.
Олай болса, біз Августин Құдайдың үштік (троица) табиғатын қалай түсінетініне
назарымызды аударайық.
Үштік мәселесі Христиан дінінің негізгі ерекшеліктерінің бірі - үштің сиқырлы мағынасын ашу
(шамасы, пифагореизмнің жұрнағы болса керек). Құдай біреу болғаньшен, оның
үш тұлғалық жақтары бар. Ол - Құдай-әке, Құдай-ұл және киелі рух. Құдайдың осы үш
тұлғалық жағының біреуі де басқаларынан басым емес, сондықтан бір: Құдай - ол әке
де, әл да, киелі рух та, бір-бірінен Болмыста бөлінбейді.
Бірақ оларды бір-бірінен айыру керек. Августиннің айтуынша, «киелі рухты
айырамыз, бірақ басқа Құдайдың жақтарынан беле алмаймыз. Ол мәңгілік игілік
пен тұрақтықта. Бұл үш тұлға -бір Құдай. Әке болған жерде ұл бар, және ол ұл емес;
ұлдың әкесі бар, бірақ ол әке емес. Егер ұл белгілі бір уақытта Дүниеге келсе, онда
күндердің бір күнінде ол Балалық шағын тастар еді, бірақ Құдай-ұл - мәнгіліктен.
Сондыктан Құдай-әке де, Құдай-ұл да –мәңгілікті, тұрақты».
Құдай үш тұлғалық болғаннан кейін, жаратылған Дүниеден де оның іздерін табуға
болады. Дүниедегі заттардың бірлігі, бітімі ясәне тәртібі бар. Ал адамның ақыл-
ойына келер болсақ ол да бір мен үш: ақыл, таным, сүю. Сонымен біз айнадағы
өзіміздің сәулемізді көргендей, Құдай біздің жан-дүниемізде, сондықтан Құдайды