Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет122/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
146 
«Олардың өмір сүруімен мән-мағынасы толығынан бір-біріне сәйкес келмегеннен 
кейін, оны бүкіл жаратылған дүниеге таратып, ол болуы да, болмауы да мүмкін еді, 
онда бұл Дүние мүмкіндік пен кездейсоқтықтан пайда болды», -деген пікір айтады. 
Фома Аквинскийдің бұл ұлы ойларын талай ғасырлар өткеннен кейін, XX ғасырда 
ғалымдар растады. Қазіргі Дүние жөніндегі түсініктер бойынша Дүние өзінің ішінде 
орасан зор потенцияны (мүмкіндікті) сақтайды, соның кішкентай ғана бөлігі 
кездейсоқтық арқылы іске асады (актуальділікке айналады), потенция-шындықтың 
толқыны, қай толқын дүниеге айналады, ол кездейсоқпен байланысты. Толық болмыс 
тек Құдайда ғана болса, жаратылған дүние болмыстыққа қатысады. Сондықтан 
болмысқа 
келген 
заттардың 
өзінің 
мән-мағынасын 
ашудағы, 
шындыққа 
айналдырудағы мүмкіндігі зор, олай болса Фома Аквинскийдің философиясы - 
оптимистік философия. Өйткені біздің бұл Дүниеге келуіміз де, келмеуіміз де 
мүмкін еді. Бірақ біз бағасы жоқ қымбатты сыйға - өмірге ие болып, көз 
алдымыздағы болмыстағы таңғажайып құбылыстарға шаттанып қараймыз, өзіміздің 
ішкі мүмкіндіктерімізді, табиғи дарындарымызды өмірге өткізуге, іске асыруға 
тырысамыз. 
«Адам ақыл-ой иесі болып жаратылғаннан кейін, ол әр заттың ішкі мақсатын, не 
үшін жаратылғанын біле алады. Сондықтан адамның іс-әрекетінің алдында не 
істейтінін түсіну жатыр. Жердегі заттар мен адамдар жаратылған Дүниеге жатқаннан 
кейін (Жаратушы біреу ғана, ол - Құдай), олар әртүрлі сатылық деңгейде болады, ал 
ақыл-ойға келер болсак, оның әртүрлі құндылықтарының ішінен өзіне керектерін 
таңдап алуына мүмкіншілігі бар. Ақыл-ойдың осы еріктігінде зұлымдыктың түп-
тамыры жатыр», дейді Фома Аквинский. 
Әрине, адам Құдайды, Дүниеде не істеу керектігін – бәрін біледі. Ерікті адам 
белгілі бір мақсатқа жету үшін өзін-өзі жетектейді. Ол садақшының жіберген оғы, 
адамдардың ойнайтын әуен құралы емес. 
Бірақ Дүниені түсіну мен соған сәйкес іс-әрекет ету - екі түрлі нәрсе. Адам 
күнәға батқанда, сол өзіне тән еріктіктің негізінде ақиқаттан алшақтап кетуі, тіпті оны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет