Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет119/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

§ 3. Схоластикалық философия
(sсһоlаstіса - лат. сөзі, оқушы, ғалым) 
Патристикалық философия христиан дінінің негізгі қағидаларын жүйеге келтіріп, 
XI ғасырға қарай діни философияның екінші сатысына өтуге жағдай жасады. 
Патристиканың 
мистикалық 
жағы 
жаңа 
жағдайда 
көп 
ойшылдарды 
қанағаттандырмай, Тертуллианның жоғарыда келтірген нақыл сөзі басқаға ауысады. 
Құдайға сену бұрынғыдай бірінші орында болса да, қазір одан кейін білім қойыла 
бастайды. Негізгі мақсат - құдіретті аян арқылы берілген ұғымдардың мазмұнын 
анықтау, ақыл-ой елегінен өткізу, бір-бірімен үйлесімді түрде ұштастыру т.с.с. 
Схоластиканың соңында (XV ғғ.) сенім мен ақыл-ойдың үйлесімді болуына күмән 
келтіріліп, бірте-бірте «екі ақиқат» ілімі тарала бастайды. 
Бүкіл схоластика шынайы өмірмен байланысы жоқ, өткен ғасырлардан жеткен 
кітаптардағы ой-пікірлерді зерттеп, солардың ашылмаған сырын табуға бағытталған 
философия болды. Сондықтан жаңа заман келіп, «тәжірибелік білім» етек жайған 
кезде, «схоластика» деген ұғым теріс мағына алып, мазмұны жоқ, өмірден алшақ, бос сөз 
ретінде қаралып және бүгінгі өмірде де солай түсініледі. 
Схоластиканың алғашқы кезде қойған мәселесі универсалиялардың табиғаты 
(unіvеrеаlіs - лат. сөзі, жалпы) жөнінде болды. Бүгінгі таңда универсалиялар деп біз 
филоофиядағы ең жалпы ұғымдарды айтамыз. 
Универсалиялар жөніндегі ілім алғаш рет Плотиннің философиядағы «идеялар» 
теориясында кездеседі. Плотиннің ойынша, қайсыбір жалпы ұғымға сәйкес келетін 


Нуржігіт Алтынбеков 
143 
идея бар, олар нағыз болмыс -«идеялар әлемін» кұрайды. Жердегі сезімдік заттар 
болмысын алсақ, олар көптікке жатады, жалпылық өзгеріске түсіп, бөлініп, жеке 
затта ешқашанда толығынан көрінбейді. 
Аристотель танымдағы жалпылық жеке заттардың болмысын бейнелейді деген 
болатын. Қысқаша айтқанда, универсалия мәселесін Орта ғасырдағы философ 
Порфирий былайша қойды: «Тек пен түр өзінше өмір сүре ме, олай болса олар дене 
ме әлде денесіз бе? Егер тек қана ақыл-ойда болса, олар бөлек өмір сүреді, әлде 
олар сезімдік құбылыстарда ма?» 
XI ғасырдың аяғы мен XII ғасырдың басында бұл мәселені шешуде үш ағым 
пайда болды. Олар номинализм, реализм және концептуализм. 
Номинализм (nоmіnіs, - лат. сөзі, заттың аты) - схоластикадағы жалпы 
ұғымдардың болмыстық мағынасын мойындамайтын, олар тек қана ой-өрісте ғана 
деп санайтын ағым. Номиналистер: «Шын өмірде тек қана заттар өмір сүреді, 
универсалиялар — жалпы ұғымдар, тек қана заттардын аты, біздің аузымыздан 
шығатын дыбыстар ғана», - деген пікірге келеді. Осы тұрғыдан олар Құдайдың 
үш тұлғалығын да қатты сынға алды. 
Реализм бағытына келер болсақ (rеаlіs - лат. сөзі, шынайы зат), олар
номинализмге қарсы бағыталған. «Универсалиялар -жалпы ұғымдар, шынайы және 
адамдардың санасына тәуелсіз өмір сүреді», - деген пікірді ұстайды. 
Схоластика философияның пісіп-жетілген кезінде өмір сүрген Орта ғасырдағы аса 
ұлы тұлғалалардың бірі - Фома Аквинский (1221-1274 жж.). Италия елінде бай 
ақсүйектердің отбасында дүниеге келген. Неаполь университетінде оқыған. 1256-59 
жж. Париж университетінің теология кафедрасsy басқарған. Өмірінің соңында ел 
аралап, Европа университеттерінде лекциялар оқиды. 1323 ж. «әулие доктор» атағы 
беріліп, шіркеудің бесінші ғұламасы болып есептелген. 
Өмірінің және өзінің жазған еңбектерінің түкке тұрғысыздығы Фомаға өлерінің 
алдында ашылса да, соған қарамастан ол кітаптарын жазуды қоймады. Өзінің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет