Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет120/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
144 
көмекшісінің демалыңызшы деген тілегіне: «Жоқ, себебі менің осы уақытқа дейін 
жазғанымның бәрі қазір менің көз алдыма келген аянмен салыстырғанда күл сияқты», 
— деген жауабы аңыз болып қалған. 
Фома Аквинскийдің негізгі еңбегі «Теология жинағы», «Табиғаттың 
бастамалары», «Мән мен өмір сүру жайлы» т.с.с. 
Ортағасырлық схоластикада Фома Аквинский ең көлемді, жан-жақты Құдайдың 
болмысын дәлелдеулерін келтіреді. Олар -бесеу. 
1.Қозғалыс арқылы дәлелдеу. «Бұл Дүниеде бірдеңе қозғалатынына ешкім 
күмән келтірмес», - дейді ойшыл. Мысалы, оттың актуальдық жылуы ағаштың 
потенциалдық жылуының актуальдық жылуына өтуіне, яғни оны өзгеріске, 
қозғалысқа әкеледі. Бірақ белгілі бір зат бір уақытта потенциалды және актуальды 
бір қатынаста бола алмайды. Актуальды ыстық зат потенциалды ыстық бола алмайды. 
Олай болса, бірдеңе бір уақытта қозғалушы және қозғалтушы бола алмайды, яғни 
заттың өзі -- өз козғалысынын қайнар көзі емес. Онда қайсыбір қозғалыс баска 
козғаушы күшті талап етеді, соңғы тағы да басқаны т.с.с. Бірақ оны шексіздікке 
кетіру мүмкін емес. Олай болса, біз бірінші өзі қозғалмайтын қозғаушы күшті қажет 
етеміз. Ол — Құдай. 
2. Тудырушы себеп арқылы дәлелдеу. Сезімдік заттарға назар аударсак, біз 
тудырушы себептердің бірінін артынан бірі келіп отыратынын байқаймыз. Алайда 
бірде-бір өзін-өзі тудырған затты ешкім көрген жоқ. Олай болатын болса, зат өзінің 
алдында өзі Дүниеге келер еді, ол мүмкін емес. 
Алайда тудырушы себептерді шексіз соза берсек, онда бірінші себеп болмас 
еді, ол жоқта салдарлар да жоқ болар еді. Ол ақыл-ойға сыймайды. Олай болса
алғашқы Дүниені тудырған себепті мойындау керек. Ол - Құдай. 
3. Мүмкіндік пен қажеттілік арқылы дәлелдеу. Біз Дүниеде болулығы мүмкін 
және мүмкін емес заттарды күнбе-күн көреміз. Бүгін бар, ертең жоқ. Бірдеңе Дүниеге 
келіп, содан кейін кетеді. Мұндай заттардың мәңгілік болмысы жоқ. Бірдеңенің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет