Нуржігіт Алтынбеков
152
тоқтатып, жаулап алынған Батыс пен Шығыс, Орта Азиядағы халықтардың
мәдениетімен танысуға, бейбіт жағдайда өндіргіш күштердің дамуына, сауда-саттық
пен теңіз арқылы байланыстардың өсуіне әкелді.
Араб империясы Батыста Испанияға дейін жетіп, өзінің мәдениеті, діні,
философиясын жаңа елдерге таратты. Мысалы, бүгінгі таңда дүниежүзілік сөздікке
кірген
«арсенал», «адмирал» «тариф», «авария», «медицина», «алгебра» т.с.с.
сөздер араб сөздіктерінен шықкан.
Аз уақыттың ішінде арабтар мемлекетті басқару, соғыс жүргізу, мәдениетті
дамыту салаларында үлкен жетістіктерге жетті. Оның бәрі басқа халықтардың
мәдениетіндегі жетістіктерді өз дүниетанымен ұштастыру арқылы келсе керек.
Дүниежүзілік мәдениетке қосқан арабтардың үлесі көп. Соның ішінде
философияға келетін болсак, олардың өшпес еңбегі -
Антикалық дәуірде пайда
болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп,
өз тіліне аударып, оны әрі
Достарыңызбен бөлісу: