Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет162/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
190 
қаралды, саясаттың моральдан дербес, өзінше қажетті құбылыс екені анықталды, ал 
сонымен қатар Н.Макиавелли қайсыбір саясаткердің зорлық-зомбылығын, опасыз іс-
әрекетін ақтаудан, әрине, аулақ болды. 
Н.Макиавеллидің ойынша, мемлекет пен саясаттың қоғамдағы негізгі қызметі 
әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың басын біріктіріп, бүкіл ұлттық келісімнің 
шеңберінен шығармау, қоғамды ыдыратып жібермеу, орталық билікті мықты қолда 
ұстау болды. Ал саясаттың моральдық сипатына келер болсак, «мүмкіндігінше 
ізгіліктен алыстамау керек, ал керектік қылса зұлымдыктан кашпау қажет» деген пікір 
айтқан болатын. Бірақ саясатты толығынан моральдық шеңберде ұстау мүмкін емес. 
Н.Макиавелли: «Тек қана өзінің ар-ұжданының талабына сәйкес іс-әрекет жасайтын 
саяси қайраткер өзіне мола қазады», - деген пікір айтады. Оған себеп - қоғам 
өміріндегі кейбір жағдайда қалыптасатын «ащы шындықтың ақиқаты». Оны шешу 
үшін мемлекет басшысы зорлық-зомбылыкқа шейін баруы мүмкін. Осындай 
жағдай қалыптасқанда, ол «қаталдықпен көп әуестенбеу керек, қажет болған 
жағдайда оны тез арада қолданып, өзіне қарсылардың бытшытын шығаруы керек». 
Халық мемлекеттік билікке, бір жағынан, қоркынышпен, екінші жағынан, 
сүйіспеншілікпен қарайды. Бірақ таңдауға келген жағдайда, халықты қорқынышта 
ұстау - сенімдірек. Саясаткер бір жағынан батыл, екінші жағынан, абай болуы керек. 
Бірақ шешуші жағдайда батылдық қажет. Ел басшысы, бір жағынан, арыстанға, 
екінші жағынан, түлкіге ұқсас болуы қажет. 
- Қоғамдағы қайшылық өршіп, адамдардың өкіметке деген сенімі жойылған 
жағдайда күш қолданбай болмайды. Бірақ қалай дегенде де, жеңіс әрқашанда 
саясаткердің негізгі мақсатына айналуы керек, ал оған жететін құралдар әртүрлі 
болуы мүмкін. Сол жолда зорлық-зомбылық жасалса, ол қоғамдағы жағдайды 
дұрыстауға, тәртіпті орнына келтіруге ғана жұмсалып, тоқталуы керек. Екінші рет 
зомбылықты қолданудан алшақ болу керек, -деген пікір айтады ұлы ойшыл. 
Н.Макиавелли жөніндегі адамгершіліксіз саясаттың жақтаушысы деген пікір 
жүздеген жылдар бойы сақталып келді. Тек XX ғ. екінші жартысында ғана бұл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет