Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет165/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
193 
өздерінің Құдай қалаған адамдар екенін сезінулеріне зор әсерін тигізді. 
Батыс Европадағы жаңа қалыптасып жатқан капитализмге адамгершілік бағыт 
берген әсіресе, Ж.Кальвиннің аскеттік ілімі. Егер сенің істерің саған олжа әкелсе, 
онда сен масаттанба, тәкаппарланба, керісінше, Құдай қолдағаннан кейін, кемтарларға 
көмектес, байлығыңды шашпа, жаңа жұмыс орындарын аш т.с.с.. 
Сонымен Кальвинизм капиталдың қорланып өсуіне, кәсіби іскерліктің Құдай 
қалайтын, адамның абыройын көтеретін, сонымен қатар өте жауапты іс 
екеніндігіне, Жаңа дәуірдің моральдық құндылықтарын анықтауға атсалысты. 
Бүгінгі Қазақстан қоғамындағы өтпелі дәуірдегі нарықтық экономика, 
жекеменшіктің қалыптасуы рухани қолдау таппай отыр. Біз басқа елдердің өмір салты, 
деңгейі, тұтынатын тауарлары, мәдениеті жөнінде көп ақпараттар аламыз. Біздің 
адамдар «көпшілік мәдениеті» атанған шетел фильмдерін көріп, ондағы өмір жөнінде 
«безендірілген», көбіне ақиқатқа сай келмейтін пікірлерге ие болады. Сондықтан 
жаңа пайда болған іскерлер жинаған ақшалары, капиталын халық ізгілігіне 
жұмсаудың орнына (жаңа жұмыс орындарын ашу, мәдениетті қолдау, кемтарларға, 
кәрілерге көмектесу т.с.), дереу үлкен сарай салып, астына шетелдегі байлар сияқты 
қымбат машина мінеді. Осы тұрғыдан қарағанда, қазір бізге де сонау Қайта өрлеу 
заманында болған реформацияға ұқсас рухани-адамгершілік құндылықтарды 
қалыптастырып, оны қоғамдық қатынастарға тезірек тиімді түрде енгізуіміз қажет. 
§ 6. Қайта өрлеу заманындағы ғылыми жетістіктер және олардың 
философиялық-ой пікірге тигізген әсері 
Қайта өрлеу заманындағы жаңа келе жатқан капиталистік қатынастар жаратылыстану 
ғылымдарына қарай бетбұрысты туғызды. 
Негізінен, ғылым Орта ғасырдағы ашылған университеттер мен суретші, мүсінші, 
сәулетші 
т.с.с. 
өнер 
кайраткерлерінің 
өнерханаларында 
дамыды. 
Егер 
университеттерде схоластикалық ағым осы уақытқа шейін әлі де болса басым болса, 
өнерханаларда математика, геометрия сияқты ғылымдар жақсы дами бастады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет