Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет175/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
204 
мәңгі ақиқат» ретінде түсіну. Мысалы, белгілі бір мәселе бойынша Аристотель 
былай деп айтқан, ал сіз Аристотельден де ақылдысыз ба? - деген даудамайдан сол
адамның «театр елесінің» шеңберінде екенін байқаймыз. «Ақикат беделдің емес, 
тек өз заманындағы уақыттың қызы», - деп корытады Ф.Бэкон. Жаңада ғана 
келмеске кеткен Кеңес заманының негізгі елесі осы «театр елесі» болды емес пе? Тек 
беделділердің аттары ғана өзгерген жоқ па? Олар К.Маркс, Ф.Энгельс, 
В.И.Ленин т.с.с. болды. Бүгінгі таңдағы қоғамды демократизациялау, көппікірлік 
принципке көшу бұл елестің өмірден кетуіне себеп болуда. 
Сонымен жоғарыда көрсетілген идолдар қандай күшті бол-ғанмен, ғылым 
жолына түскен адам өзінің ақыл-ойын, дүниесезімін олардан тазарту керек деп 
қорытады ұлы ойшыл. Бұл пікірге толығынан қосылуға болады. 
Тәжірибелік-индуктивтік әдістеме жасау 
Ғылым жолын неше түрлі елестерден тазалағаннан кейін, Ф.Бэконның алдында 
жаңа зерттеу жолдарын жасау мәселесі пайда болды. Ол үшін ең алдымен сол кездегі 
философиядағы абстрактілі-схоластикалық әдістерді сынау қажет болды. Олар – 
нәтижесіз. Белгілі бір жалпы ұғымдарға негізделген Табиғаттың өзіне, сондағы 
кұбылыстарға назар аудару керек. «Табиғаттың нәзік сырлары көп тұжырымдардан 
анағұрлым терең», - дейді Ф.Бэкон. 
Әрине, ойшыл жалпы ұғымдар керек емес деп оларды толығынан теріске 
шығарды деген пікірден біз аулақпыз. Әңгіме сол жалпы ұғымдардың қалай 
шығарылғанында. Егер олар кездейсоқтық деректерді жалпылаудың негізінде пайда 
болса, онда олардан шығарылған тұжырымдар бізді жалған жолға түсіреді, 
адастырады. 
Жалпы ұғымдар тәжірибеден шығуы керек. Бірақ біз оны әрқашан сынап, ой 
елегінен өткізіп отыруымыз қажет. Ғалым адам жолында жатқанның бәрін жинай 
беретін құмырсқаға (сол кездегі алхимиктер), сонымен катар бәрін өз ішінен шығарып, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет