Нуржігіт Алтынбеков 205
өзінің торын тоқитын өрмекшіге (сол кездегі схоластар) ұқсамауы керек. Ол әрбір
гүлге қонып, оның нәрін жинап, оларды қайта өңдеп балға айналдыратын араға ұқсас
болуы қажет, - деп қорытады Ф.Бэкон.
Жекеден жалпылықка өрлеуді индуктивті әдістемені алғаш рет Ф.Бэкон
дүниеге келтірді десек, онда ол шындыққа лайықты болмас еді. Өз заманында
ұлы Аристотель жалқыдан жалпыға көшу әдістемесін жасаған болатын. Орта
ғасырларда да бұл әдістеме мүлде ұмыт болған жоқты.
Ф.Бэконның бұл әдістемеге енгізген негізгі жаңалығы - тек қана белгілі бір
ұғымды дәлелдейтін деректерді ғана емес, сонымен қатар оған қайшы келетіндерді де
зерттеу, олардың себебін табу болды.
Жалқыдан жалпыға жету жолында үш кесте жасау керек. Олар: tabula presentiae -
деректердің болу кестесі, екінші – tabula absentiae - деректердің болмаған кестесі,
үшінші – tabula graduum -деректердің азды-көпті болуының деңгейін көрсететін
кесте. Зерттеу жолында бұл кестелер толтырылғаннан кейін, соларды салыстыру
арқылы белгілі бір ұғымдарды тудыруға мүмкіндік пайда болады.
Сонымен Ф.Бэкон - жаңа дәуірдегі қалыптасып жатқан тәжірибелік ғылымның
дамуына зор әсерін тигізген ұлы тұлға.
§ 2. Р.Декарттың рационалдық философиясы Француз философы Рене де Карт (1596-1650 жж.) - Жаңа Дәуір философиясына
өз үлесін косып, негізін калаған ірі тұлға. Уақытында өз заманының жақсы оқу
орындарында окып білім алған. Егер біз оны Ф.Бэконмен салыстырсак, ол - бүкіл
өмірін ғылым жолына арнаған тұлға.
Ұлы математик, механик, физиологияның негізін жасаушы, психолог Декарт
Аристотельден кейінгі жан-жақты дамыған, философияны жеке ғылымдардың
нәтижелерімен ұштастыра білген бірден-бір ойшыл болды.
Негізгі еңбектері: «Диоптрика»күн сәулесін зерттеуге арналған, «Метеорлар»