Нуржігіт Алтынбеков 206
метеорологиялық
мәселелерге
арналған,
«Геометрия», «Философияның бастаулары», «Әдістемелер жөніндегі ойлар» т. с.с. Онтологиялық (болмыс) мәселелер Болмыс жөніндегі көзқарасында Р.Декарт дуалистік (екілік) көзқараста болды.
Оның ойынша, жалпы дүние жөнінде екі субстанцияны мойындауға тура келеді.
Олардың біреуі - материалдық, заттық, денелік субстанция. Оның негізгі атрибуты
(қасиеті) - созылу, кеңістікте белгілі бір орын алу. Екінші субстанция - рух. Оның
негізгі атрибуты - ойлау. Жан-дүние бір сәт те тоқтамай, тұрақты ойлайды.
Бұл екі бір-бірінен тәуелсіз жатқан субстанция адам мәселесіне келген кезде
үлкен қиындықтарды тудырады. Қалайша адамның денесі оның рухына, жан
дүниесіне, ал соңғы оның денесіне сондай үйлесімді өз әсерін тигізе алады? Оны өз
кезіндегі жаратылыстану тұрғысынан түсіндіре алмай, Р.Декарт Құдай идеясына
келуге мәжбүр болады. Оның ойынша, тек Құдай ғана дене мен ойдың үйлесімді
қарым-қатынасын тудыра алады.
Бірақ Р.Декарт өзінің космогониялық (ғарыштың дүниеге келуі жөніндегі )
болжамында Құдайдың рөлін тек қана материяны жаратып, оны алғаш рет қозғап
жіберуімен шектейді. Әрі қарай Дүние өзінің табиғи заңдылықтарының негізінде
қалыптаса бастайды. Құйын сияқты қозғалған материалдық бөлшектер қыза келе
жұлдыздарға, күнге айналады. Екінші ұсақ дөңгелек қозғалғыш элементтерден аспан
пайда болса, ең соңында үлкен аз қозғалатын бөлшектер бір-бірімен қосылып, жер
және басқа планеталардың денесін кұрайды.
Ал жер бетіндегі өмір сүріп жатқан тіршілікке келгенде, Р.Декарт бұрынғы
философиядағы гилозоистік көзқарастардан бас тартады. Өз заманында
Аристотельдің болжаған өсімдік пен сезімдік жандарын Р.Декарт жоққа шығарады.
Оған себеп болған 1628 ж. Гарвейдің ашқан қан айналысы болса керек. Соған сәйкес,
Р.Декарт жануардың өмірлік мүшесі - ол оның жүрегі деген пікірге келеді. Ол