Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет200/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
230 
біріктіретін оның ар жағындағы негіз (support -ағылшын сөзі, негіз) неде деген сұрақка 
біздің сыртқы және ішкі тәжірибеміз ештеңе айтпайды, - дейді Дж.Локк. 
Гносеология саласындағы келесі күрделі мәселе - ол жалпылық. Дүниедегі өмір 
сүретіннің бәрі - жалқы, жеке, нақты. Жалпы ұғымдарды алатын болсақ, ол ақыл – 
ойдың әрекетінен пайда болады, заттардың бір-біріне ұқсас касиеттері олардан ой 
арқылы бөлініп жалпыланады. Қайсыбір тілдегі сөздер арқылы біз жалпылықты 
көрсетеміз. 
Тілдің жалпы азаматтық жэне философиялық жақтары бар. Оның бірінші жағын 
алып қарасақ, ол нақтылы әлеуметті өмірде қолданылады, адамдар бір-біріне тіл 
аркылы неше түрлі ақпараттар, өздерінің сезімдерін т.с.с. жеткізеді. 
Ал тілдің философиялық мағынасына келер болсақ, онда әрбір ұғымның 
нақтылы көлемі, мазмұны айқын анықталуы керек. Неше түрлі ғылым саласындағы 
дау-дамайлар, түсінбеушілік, тілдегі ұғымдардың әртүрлі мағынада қолданылуымен 
байланысты. Әсіресе ғылымға зор әсерін тигізетін нәрсеге неше түрлі мазмұны тайыз, 
нақтыланбаған сөздерді ойлап шығарып, оны ғылым саласына кіргізу жатады. 
Әлеуметтік-философиялық, саяси идеялар 
Адам - бақытты өмірге ұмтылатын пенде. Ізгілік, жақсылық дегеніміздің бәрі - 
адамды рақатқа, қуанышты сезімге әкелетін нәрселер. Жамандық пен залымдық 
дегеніміз - ол адамға зардап, қайғы, өкініш әкелетіннің бәрі. Адам бақытты болуы 
үшін, ең алдымен оның материалдық мүдделері іске асуы қажет. 
Т.Гоббс сияқты Дж.Локк та қоғамның табиғи және азаматтық ахуалы жөнінде 
айтады. 
Табиғи жағдайда адамдар ерікті, тең, бір-бірінен тәуелсіз өмір сүреді. Табиғи 
ахуалдағы адамдардың өзін-өзі сақтау жолында еңбек етіп, белгілі бір байлықтардың 
қайнар көзін ашатындығын Дж.Локк басым айтады. Сонымен ол меншік мәселесін 
табиғи Жағдайдағы адаммен өзара біріктіріп, оны қоғамның мәңгілік мәселесі 
ретінде қарайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет