Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет201/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
231 
Құдай адамға бүкіл өлі және тірі табиғатты бергенмен, олар өзінің ең 
пайдалылығын жекеменшікке айналғанда ғана көрсете алады. Ал меншіктін өзі әуеден 
түспейді, оған тек кана еңбектің негізінде жетуге болады. Еңбек пен меншік 
коғамның, бұкіл мәдениеттің негізін құрайды. Бір акр өңделген жер сол көлемді 
өңделмеген жермен салыстырғанда 10 есе кымбат, өйткені өңделген жерге адамның 
еңбегі сіңген. Еңбек қайсыбір құндылықтың, бағаның қайнар көзі. 
Мемлекет мәселесіне келер болсақ, оның пайда болуы қоғамдық шартқа 
байланысты. Мемлекетпен бірге азаматтық ахуал пайда болады. Табиғи ахуалдан 
азаматтыққа өткенде, адамдардың еріктігі мен қолындағы меншігі сақталуы қажет. 
Мемлекеттің негізгі мақсаты - азаматтардың меншігін қорғау. Мемлекет түнгі 
қарауылшыға ұқсауы қажет. Күндіз азаматтар өздерінің меншігін өз еріктерімен 
пайдалануы керек. Тек мемлекет олардың іс-әрекеттерінің заңға сәйкестігін қадағалап 
отыруы қажет. 
Дж.Локк алғашқылардың бірі болып, өзінің саяси философиясында өкімет 
билігінің бөлінуінің қажеттілігін көрсетті. Заң билігі парламентте, атқару билігі сот 
пен армияда, федеративтік билік (басқа мемлекеттермен қарым-қатынас орнату) 
король мен үкіметтің қолында болуы қажет. 
Дж.Локк өз заманының ойшылы ретінде діннің мемлекеттен бөлінуін, бір-бірінің 
істеріне өзара қол сұқпау керектігін басым көрсетеді. Адамдар басқалардың да дінін 
сыйлауы қажет, бұл салада үлкен төзімшілдік керек, өйткені қайсыбір қоғам діни-
рухани тірексіз өмір сүре алмайды. 
Міне, осымен XVII ғасырда өмір сүрген ең ұлы философтардың Дүниеге деген 
көзқарастарын осымен аяқтап, келесі сөзді XVIII ғасырға береміз. 
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар: 
1. Ф.Бэкон таным саласында кездесетін елестерді қалай деп атайды? 
2. «Жемісті» тәжірибелердің «сәулелі» тәжірибелерден айырмашылығы 
қандай? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет