Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет203/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
234 
ойшылдардың зердеге деген терең сенімін көрсеткендей. 
Ағарту философиясының тағы бір ерекшелігі - оның теоретикалық-жүйелік 
жағынан гөрі практикалық, идеологиялык жағының басым болуы. 
Бүл идеологияның негізгі қағидалары:
А) адамның ақыл –ой зердесі арқылы адамзаттың жарқын болашағының келетініне 
сену 
Б) артта қалған дәстүр, әдет-ғұрыптарды ақыл-ой тұрғысынан сынап, адамдарды 
олардың шырмауынан босату; 
с) ғылым мен техникаға кеңінен жол ашу қажеттігі, олардың бақытты қоғам 
орнатудағы рөлін көрсету; 
е) философия саласындағы дәлелдеуге келмейтін абстрактілік-метафизикалық 
жүйелерден бас тарту; 
ж) дін саласындағы соқыр сезімнен кұтылу, материалистік, атеистік бағытқа 
бетбұрыс жасау. 
Мәселені нақтылай келсек, онда жоғарыдағы көрсетілген идеялар сол кездегі 
ұлы тұлғалардың еңбектерінде қалай бейнеленді, енді соған назар аударарлық. 
§ 1. XVIII ғ. ағылшын философиясы 
Ағылшын философиясының XVIII ғ. көрнекті өкілі Джон Толанд (1670-1722 
ж.ж.) Англия, Шотландия, Голландия елдеріндегі университеттерде оқып, білім алған. 
Негізгі еңбектері: «Христиандық құпиясыз білім», «Пантеистикон». 
Бұл еңбектерінде Д.Толанд христиан дінінің мистикалық, ақыл-ойға сыймайтын 
жақтарын қатты сынға алады. Оның ойынша, қайсыбір Дүние жөніндегі ақпарат 
түсінікті болуы керек, ал істейтін іс мүмкін болуы қажет. Ақыл-ойға сыймайтын
оған қайшы келетіннің бәрі жоққа шығарылуы керек, өйткені ол мүмкін емес, я 
болмаса еш нәрсе емес. 
Д.Толандтың ойынша, христиан діні алғашқы пайда болған кезінде өте жақсы дін 
болған. Бірақ, жүре келе, діни қызметкерлер неше түрлі діни рәсім, ырымдарды ойлап 


Нуржігіт Алтынбеков 
235 
шығарып, оның мән-мағынасын бұрмалаған. 
Өзінің онтологиялық (болмыстық) көзқарастарында ол деистік қағиданы 
ұстаған. Құдай материалдық Дүниені жаратқанда оған ішкі күш беріп, белсенділік 
қасиеттерін берген. Сондықтан материя өне бойы қозғалыста (moving forse - қозғаушы 
күш). 
Ал адамның ойлау қабілетіне келер болсақ, ол - адамның миының қызметі. 
Идеяны денеден бөліп алып карауға болмайды. Ойлауды табиғи нәрсе ретінде көрсету 
үшін, Д.Толанд: «Бүкіл табиғат тірі (гилозоизм), өйткені оны тудырған Құдай - 
ғарыштың ақыл-ойы мен рухы», - деген көзқарасқа келеді. 
Келесі ағылшын философы - Антони Коллинз (1676-1729 жж.) Итон 
және Кембридж университеттерінде окып, білім алған. Негізгі еңбектері: «Адамның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет