Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет199/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
229 
Сонымен Дж.Локктың ойынша, танымның негізінде түйсіктер мен ойлау қабілеті 
жатыр. Ең алғашында олар Дүние жөніндегі тұрпайы идеяларды тудырады. Бұл жерде 
біз Дж.Локктың «идея» ұғымына жаңа мазмұн бергенін байқаймыз. Егер Платоннан 
бастап, Орта ғасырдағы схоластикада, Декартта идея ұғымына онтологиялық, яғни 
болмыстық дәреже берілген болса, - олар дербес өмір сүреді деп есептесе, Дж.Локк 
оларды тек Дүниенің кейбір жақтарын бейнелейтін ұғым, түйсік, тіпті қиял ретінде 
түсінеді. 
Сыртқы және ішкі тәжірибені бір-бірінен айырып қарағаннан кейін, Дж.Локк 
идеялардың бірінші және екінші сапасының бар екенін мойындайды. Енді соларға 
мінездеме берейік. 
Бірінші сапалар - олар заттардан ешқашанда бөлінбейтін негізгі қасиеттер - созылу, 
бітім, қозғалыс, тұрақтылық, тығыздық, заттың сандық жақтары т.с.с. 
Екінші сапалар - әрқашанда өзгерісте, бір жағынан пайда болып, екінші 
жағынан жоғалып жатқан заттардың қасиеттері. Оларды біз түйсіктеріміз арқылы 
ашамыз: түрлі-түсті нәрселерді көзбен көреміз, әртүрлі дыбыстарды құлақпен 
естиміз, неше түрлі иістерді мұрнымыз арқылы сезінеміз, ащы-тұщыны тіліміз 
арқылы сезінеміз т.с.с. «Бірінші сапалық идеялар ұқсастықтан туады, ал екіншілер 
олай емес. Тәттілік, жасылдық, жылылық т.с.с. заттардың өзіндегі белгілі бір бітім
көлем, көрінбейтін бөлшектердің қозғалысы ғана», - дейді ұлы ойшыл. Сонымен 
екінші сапалар тек адамның өзінде ғана болғанымен, оны тудыртатын соңғы себеп - 
ол заттардың бірінші қасиеттерінің әртүрлі бір-бірімен қосылуы деген пікірге келеді. 
Ал енді тұрпайы идеялардан күрделіге көшетін болсақ, оны Дж.Локк субстанция 
ұғымы арқылы береді. Ол тұрпайы идеялардың бір-бірімен қосылуынан болады. 
Дүниедегі әртүрлі заттарды Дж.Локк эмпириялық, яғни тәжірибеден туатын 
субстанция дейді. Ол: нан, су, қаз, үйрек, жер, тас т.с.с. Ал философиялық деңгейге 
көтерілсек, онда ол — материя, рух. Мысалы, біз күнді алатын болсақ, ол дөңгелек, 
жарық, жылы, өне бойы қозғалыста т.с.с. тұрпайы идеялардың қосындысынан пайда 
болады. Оның бәрін біз тәжірибе аркылы жинаймыз. Ал бұл тұрпайы идеяларды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет