Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет22/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
23 
еңбегінің дене еңбегінен бөлінудің негізінде алғашқы ғылыми түсініктердің пайда 
болып (жер өңдеу, оған су әкелу, геометриялық, математикалық түсініктерді, мал 
бағу, көшіп-қону, жұлдыздар мен планеталарға, айға қарап, олардың қозғалуы
жерге тигізетін әсерлері жөніндегі білімдердің негізінің пайда болуына әкелді), 
мифологиялық және діни көзқарастың бірте-бірте алшақтап, Дүниеге деген ақыл-ойға 
негізделген білімді тудырғанын атап өтуіміз керек. Негізінен алғанда, бұл алғашқы 
өмірге келген білімнің синкретикалық табиғатын атап көрсеткен жөн: ол әлі 
философия, ия болмаса физика, психология т.с.с. емес, оның ішінде барлық 
болашақ Дүниеге келген ғылымдардың ұрығы болса керек. 
Көне грек топырағында бұл алғашқы білімге философия деген атақ беріліп, ол, 
шынында, сол кездегі барлық дүние зерттеудегі пайда болған ғылымның алғашқы 
деректері мен тұжырымдамаларын өз бойына сіңірді. Сонымен қатар философияның 
өз табиғатына тән сұрақтары да пайда бола бастайды. Олар: Дүниенің негізінде не 
жатыр? Адам - ол кім? Ақиқат, Ізгілік, Әсемдік дегеніміз не? т.с.с. сұрақтар. Бұл 
Дүние жөніндегі шегіне жеткен ең жалпы сұрақтар пайда больп, өзінің мазмұнын 
ғасырлар өткен сайын тереңдете түсті. Көне заманның ұлы ойшысы Аристотель 
бүкіл философияны үлкен 3 бөлікке бөлді: ол теоретикалық философия (ой өрісінен 
шығады), практикалық (адамның өмірдегі жүріс-тұрысы мен іс-әрекетін зерттейді) 
және көркемөнерлік (шығармашылықты зерттейді). 
Аристотель өз заманының ғұлама ғалымы ретінде ғылымның жеке мәселелерімен 
де айналысты, мысалы жануарлардың дене құрылысы, я болмаса, риторика т.с.с. 
(rhеtогіkе - грек сөзі, әсем сөйлеу өнері). Бірақ бұл ғылым салаларын ол кісі 
философиядан бөлек ажыратып қараған жоқ. 
Орта ғасырларда дінге, діни сезімге басым орын берілгенімен, философия пәні 
жөніндегі Көне Замандағы калыптасқан көзқарас сол күйінде қала берді. 
Алайда бұл жағдай дүниеге Жаңа дәуір келе өзгере бастайды. Ол, біріншіден, 
философиялық ой-өрістің діннен бас дербестік алуы; екіншіден, капиталистік қарым-
қатынастардың дамуының арқасында 
өндіргіш 
күштердің 
жаратылыстану 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет