Нуржігіт Алтынбеков 26
алғанда, философияда мына сұрақтар бар: шындық, әсемдік, ізгілік дегеніміз не? Адам
өміріндегі еріктік, әділеттілік, теңдік, жақсылық, өлшем, парасаттылық, кұндылықтар
қандай орын алады? т.с.с.
Философия пәнінің келесі жағы - ол оның праксеологиялық, прагматикалық мәселелері (рrасtісоs - грек сөзі, белсенді, іс-әрекетшіл; ргаgmtоs - грек сөзі, іс-қимыл).
Өйткені адам Дүниені тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай,
өз іс-әрекеттерімен түйістіріп, Дүниеде бұрын-соңды болмаған жаңа нәрселерді,
құбылыстарды тудырады. Кең түрде алғанда, философияның праксеологиялық
мәселелеріне бүкіл адамзат тарихындағы материалдық және рухани өндірістегі
жетістіктері мен тәжірибесі, соларға жеткізген сан алуан адамдардың табиғатпен
және өз-өздерімен байланыстары мен іс-әрекеттерін жатқызуға болады. Адам,
әлеуметтік топ, я болмаса қоғамның дүниетанымы, дүниені түйсінуі мен оның іс-
әрекет белсенділігінің байланысы қандай? Адамның іс-әрекетіне түрткі болатын
оның қажеттіліктерінің табиғаты неде? Мақсатқа лайықты іс-әрекет деп нені
айтамыз? Адамның іс-әрекетінде мақсат-мұрат пен соған жеткізетін құралдардың
арақатынасы қандай? Адам өзінің іс-әрекеттерінен шығатын Дүниеге тигізетін
барлық салдарды ескере ала ма? Дүниені адамзат қаншалықты өзгертуі керек және
де сол өзгертуде қоғам мен басқа тіршіліктің арақатынасы қандай болмақ? т.с.с.
сұрақтар философияның праксеологиялық мәселелеріне жатады.
Ең соңында біз философия пәнінің ең нәзік, күрделі, терең ой, телегей-теңіз
сезімдер, рухани толғау тудыратын жағын атап өтуіміз қажет. Ол Дүниені өзін-өзі
танып-білу дәрежесіне көтерген ең әсем күш - адам. Адам мәселесі әсіресе XX ғасырдағы ойшылдардың философиясында аса үлкен
орын алды. Адам кім? Ол рух па, я болмаса дене ме? Ол не үшін Дүниеге келді?
Адамның басқа тіршіліктен айырмашылығы қандай? Адам өмірінің мән-мағынасы
неде? Ол өлімнен аттап өтіп, өлместікке жете ала ма? Адам ғарышта жалғыз ба, я
болмаса басқа рухани пенделердің біреуі ғана ма? т.с.с. сұрақтар философия пәнінің