Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет30/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
31 
Бірақ бұл көзқарастың сонау тұрпайы материализмнен бастап диалектикалық 
материализмге дейінгі негізгі әлсіз жері-материалдық қоршаған ортаның логикасы 
қайдан шықты? Дүниенің заңдылықтары, оның дамуының қайнар көзі неде? деген 
сұрақ. Бүгінгі адамды «ол - Дүниенің ішкі қайшылығында, материяның бейнелеу 
қасиетімен байланысты» деген жауап толығынан қанағаттандыра алмайды. 
Философияның негізгі мәселесін шешу жолындағы материализмге қарама-қарсы 
бағыт - идеализм (іdеа - грек сөзі, ой, идея). Дүниенің негізінде субстанция ретінде 
рухани болмыс жатыр деген қайсыбір дүниетаным мен дүниені қабылдауды біз 
идеализм дейміз. Идеализм адам өмірінің рухани жағын бірінші орынға қояды. Бұл 
ағым қайсыбір белсенділік, шығармашылықтың қайнар көзі - рухта деген пікір айтады. 
Материя мойындалғанымен, ол енжар, болмыстың төменгі жаратылған түрі ретінде 
ғана қаралады. 
Идеализмнің қайнар көзі сонау мифологиялық дәуірдің өзіне барып тіреледі. 
Өйткені алғашқы қауымның шеңберінде өмір сүріп жатқан адам бүкіл Дүниедегі 
құбылыстарды адамға ұқсатып түсіндіреді, оларды жандандырады. Әрі қарай жүре 
келе, адамның абстрактылық ойлау дәрежесі жоғарылаған сайын, идеализмнің дүниеге 
келуіне толық жол ашылады. Өйткені қайсыбір Дүниедегі құбылыстарды бейнелейтін 
жалпы ұғымдарда сол заттардың ішкі терең мәні берілген. Сезіммен қабылданатын сол 
заттар күнбе-күн өзгеріп, тіпті өмірден кеткенмен, ұғымның мағынасы тұрақты 
болғандықтан, ол өмірде қала береді. Мәселенің екінші жағы -қайсыбір нақтылы зат, 
құбылыс өзінің ұғымына ешқашанда толық сәйкес келмейді (ханның қызында да 
кемшіліктер бар). Сондықтан ұлы Абайдың «адам бол» деген нақыл сөзінде терең сыр 
жатыр. Өйткені бұл Дүниедегі өмір сүріп жатқан миллиондаған адамдардың 
ішінен бірде-бір адам идеясына толық сәйкес келетін жанды табу мүмкін емес. Тірі 
адамның үлесі - өмірінің соңына шейін күнбе-күн өзін жетілдіруге тырысу, сол адам 
ұғымына жеткенінше сай болу. Олай болса, идеалистердің айтуына қарағанда, 
ұғым шынайы болмысқа жатса, нақтылы дүниеге келіп, біршама уақыттан кейін 
дүниеден кетіп жатқан мінді заттар - елес, жалған болмыс ретінде түсіндіріледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет