Нуржігіт Алтынбеков 298
көзқарасты тудырды. Әнгіменің мәні мынада: қоғам өмірін талдауда ойшылдар
қоғам өмірінің іргетасты ерекшелігінің шеңберінен шыға алмады, ол адам - ойының
оның жасайтын іс-әрекетінің алдында әрқашанда жүріп отыруы. Яғни ең алдымен
идеалдық жоспар жасалынады да, содан кейін ғана ол іске асады. Сондыктан
ойшылдар тарихтың тағдыры корольдер мен ұлы колбасшылар, ғалымдар мен
заңгерлердің т.с.с. ойлары мен еркінде деген пікірден шыға алмаған болатын. Олар
тарихты қалай бұрғысы келсе, солай жасай алады. Олай болса, олардың жүргізіп
отырған саясатына кім шешуші ықпал жасай алады? Әрине, сұлу бикештер, тарихтың
мәселелері көбінесе мемлекет басшыларының көңіл-күйіне байланысты...
Шамасы, осындай көзқарастардың негізінде француздардың «cherchez la femme » -
әйелді іздеңдер деген нақыл сөздері пайда болса керек. Француз жазушылары
Дюмалардың (әкесі мен баласы) «20 жылдан кейін», «10 жылдан кейін», «Виконт де
Бражелон» т.с.с. романдарында француздардың тарихы осындай көзқарастардың
негізінде көрсетілген. Сол заманда өмір сүрген философ Монтескьенің өзі де осындай
көзқараста болған, оның ойынша, тарихтың дамуы көбінесе жақсы заңдардың
шығарылуымен байланысты. Ал заңдарды жасайтын адамдардың өзі-ақ емес пе, олар
заңгерлердің рухани шығармашылығының туындысы ғана.
Күні бүгінге дейін қарапайым сананың шеңберінде біз осындай көзқарастың
әлде де болса өмір сүріп жатқанын байқаймыз. «Кеңес Одағы неге құрдымға кетті?» -
деген сұрақты талдағанда, қарапайым адамдар оны Горбачевтің, ия болмаса Ельциннің,
Кравчуктың т.с.с. сол кездегі өкімет басындағы адамдардың іс-әрекеттерімен
байланыстырады. Тіпті кейбіреулер оның себебін Раиса Максимовнаның
(Горбачевтың әйелі) мемлекеттік саясатқа ықпал еткенінен көреді. Ақырында, біз
«әйелді іздеңдерге» тағы да келеміз. Ал әңгіменің шынына келсек, Кеңес Одағының
өмірден кетуі - оның заман талабына сай жауап бере алмағанында, өндіргіш күштердің
даму қарқыны төмендеп кетіп, соған байланысты орасан зор қайшылықтардың пайда
болуында т.с.с.
Әрине, маркстік философия тарихтағы адамдардың сана туындыларының рөлін