Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет261/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
299 
шетке шығармайды. Олардың ойынша, «адамдар өз драмаларының авторлары мен 
актерлері». Бірақ олар мәселені тереңдете карайды - сол белгілі бір уақытта өмір сүріп 
жатқан қоғамдағы өзекті идеялардың түп-тамыры кайда кетеді? Неге уақыт әткен 
сайын бір идеялардың орнына екінші идеялар келеді? Осы сұрақтарға жауап бере 
келіп, К.Маркс адамдардың сана-сезімінің өзі олардың өмір сүру жағдайларымен 
тығыз байланысты, соларға тәуелді екенін ашады. «Болмысты анықтайтын олардың 
санасы емес, керісінше, қоғамдық болмыс олардың санасын анықтайды», - деген 
тұжырымға келеді. Әрине, коғам өмірінде миллиондаған адамдар өмір сүреді, 
олардың әрбіреуі өзінің алдына өмірлік мақсаттар қойып, соларды іске асыруға 
тырысады. Көбінесе сол максат-мұраттар мен ұмтылыстар бір-біріне қайшы келіп, 
бір-бірін тежеп теңестіріп жатады. Сол күштердің параллелограмы тарихи процесті 
тудырады. Жалпы алғанда, Қоғамның дамуы - табиғи-тарихи процесс, ол өзінің 
белгілі бір қажетті сатыларынан аттап өте алмайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда
Кеңес Одағының құруының тағы да бір себебі Лениннің әлі капиталистік сатыға 
толык жетпеген, соның шеңберінде дамып кемеліне келмеген қоғамға, сол сатыдан 
аттап өтіп, социалистік коғамды озбырлык жолмен таңуында болса керек. Нәтижесінде, 
нешетүрлі трагедиялардан өтіп, біз социализмнің дүниеге ерте уақытсыз келген әлсіз 
бұрмаланған түрін орнаттық. Оған жету жолында миллиондаған адамдардың өмірін 
кұрбан еттік. Енді, міне, «ұлы мәртебелі Тарих» біздін жағамыздан ұстап, сендер қайда 
кеттіңдер деп, бізді аттап өткен сатымызға кайта оралтып жатыр. 
Бүгінгі таңдағы қиындыктардың түп-тамыры, міне, тарихтағы солшыл саясатқа 
барып тіреледі, оған Маркс кінәлі емес. Қоғам өміріндегі саяси, құқтық, моральдық, 
діни т.с.с. көзкарастардың рөлі каншалыкты үлкен болғанымен, олардың өзі белгілі 
бір сатыдағы ендіріс тәсілінің нәтижесі ретінде қаралуы керек. 
Маркстік философияда гносеологиялық (танымдық) мәселелерге де жаңа сипат 
беріледі. Бұрынғы материализмге келер болсақ. олар танымды түйсіктер аркылы 
бейнеленетін аңдау ретінде түсінді: сырткы дүние біздің сезімдік мүшелерімізге 
өзінің ықпалын тигізіп, адамның дүниені қабылдауын туғызады, яғни адам - енжар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет