Нуржігіт Алтынбеков 300
келетін қабылдаушы ғана, ал белсенділік сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардан
шығады. Ал Маркстің ойлауына қарағанда, қайсыбір дүниетаным субъект (адам) пен
объектінің (сыртқы дүниедегі танылатын зат) өзара байланысы мен іс-әрекетінен
тұрады. Адамнын назарына, іс-әрекетіне түспеген таза объект - ол табиғаттың
шикізаты ғана. Ф.Энгельстің айтуына қарағанда, «жаратылыстану мен философияда
осы уақытқа дейін адамның ойлауына тигізетін іс-әрекеттің ықпалын зерттеуді есепке
алмады. Олар, бір жағынан, табиғатты ғана, екінші жағынан, ойлауды ғана білді. Бірақ
адамның ойлауының ең жакын да мәнді негізі тек сол жалғыз табиғаттың өзінде ғана
емес, сол табиғатты адамның езгертуінде, тек сол өзгерістерге сәйкес адамның ақыл-
ойы әрі карай дамиды». Тек адамның белсенділігі аркылы зат танылып, оның іс-
әрекеті арқылы қайта құрылып, оның кажеттіктерін өтейді. Сонымен танымды
ескіше аңдау ретінде түсіну, шынына келгенде, барлықта жоқ абстракция ғана.
Шынайы өмірдегі таным - ол затты белсенді түрде субъектінің игеруімен тең. Маркс танымның негізгі мәселелерінің бірі - ақиқат жөнінде де тың ойларды
ұсынады. Өмірден, практикадан сырт калған акиқат женіндегі дау-дамайлар - бітпейтін
схоластикалық мәселеге айналады. Ақиқат, яғни ойлаудың шындығы мен күші
шынайы өмірде өзін көрсетуі керек. «...философтар тек кана әртүрлі жолдармен
дүниені түсінуге тырысты, ал шынайы мақсат- оны өзгертудің керектігінде», - деп
қорытады ұлы ойшыл.
Маркстік философияның келесі ерекшелігі - осындай толыкқанды материалистік
көзқарасты диалектикамен ұштастыруында. Егер, Гегельдің ойынша, «ай астындағы
дүниеде» тек бұрынғы өткен сатыларды қайталау ғана, шынайы даму тек қана рух
саласында болса, ал оның өзі абсолюттік идеянын өзін-өзі тану жолындағы адамзатты
кұрал ретінде пайдалануында болса, Маркс дамудың қайнар көзін сол материалдық
дүниенің ішкі қайшылығынан көреді: заттың ішкі қайшылығы оны бүгінгі болмыс
шеңберінен шығарып, басқа затқа айналуына әкеліп соғады. Олай болса, қоғам
өмірінің де негізгі қайшылығы материалдық өндірістегі өндіргіш күштер мен өндіріс
қатынастарының арасында жатыр.