Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет304/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
346 
деген екен. Мұндай ғажап ойлар мен адам күтпейтін салыстырмалар, әрине, 
Анахарсистің өз заманының ғұламасы болғанын көрсетеді. 
Анахарсис грек елінен тәлім-тәрбие алып, өз еліне қайта оралып, сондағы 
игерген білімін өз еліне қолдануға тырысады. Бірақ оның реформаторлық идеялары 
қалың бұқараның колдауын таппай, ақырында оны көре алмаған біреудің қанды 
жебесінен Қазаға ұшырайды. Соңғы демі үзілерде ол: «Эллада жерінде мені ақылым 
қорғап еді, өз елімде қызғаныштың кұрбаны болдым», -деген екен. 
Философиялык ой-пікір бүкіл дүниежүзілік деңгейде б.зд VІІ-V ғғ. пайда бола 
бастаған кезде, біздің бабаларымыз да аса кемеңгер дана тұлғаны - Анарысты тудырды. 
Олай болса, біз сол заманнан бері бүкіл дүниежүзілік рухани көштен калмай тарихи 
халықтардың арасында өз орнымызды алдық. Оны біз әркашанда мақтан етуіміз керек. 
§ 3. Орта ғасырдағы отандық философия 
Жоғарыда айтып өткеніміздей, біздің бабалар көшпенділік мал шаруашылығымен 
қатар «Жібек жолы» мен Сыр-Дарьяның т.б. өзен-сулардың бойында қалалар орнатып, 
егін егіп, қолөнерді дамытып, сауда-саттықпен айналысқан. Сонымен қатар, әрине, 
мәдениет пен философия да биік деңгейге көтерілген. 
Орта ғасырдағы отандық философияның айқын жұлдызы - ол Аристотельден 
кейінгі «Екінші ұстаз» аталған дана бабамыз Әл-Фараби. Біз оның шығармашылық 
жолын «араб философиясына» арналған тарауда талдаған болатынбыз, өйткені ол 
түріктер мен қатар арабтардың да рухани атасы болып табылады. Сонымен қатар Орта 
ғасырларда басқа да көрнекті тұлғалар өмір сүріп, өздерінің тамаша ойларын халыққа 
сыйлаған. 
Орта ғасырлардағы отандық философияның бастауын ғалымдар VIII ғ.
өмір сүрген Қорқыт атаның шығармашылық жолына апарып тірейді және ол 
заңды да. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт - VIII ғ. Сыр 
бойында өмір сурген батыр, атақты ақын, асқан күйші, қобызшы, аңыз кейіпкері. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет