Нуржігіт Алтынбеков
350
Кімде-кім дүниеге көңіл байласа,
Тіршілігі оған ауыр тауқымет әкеледі».
Ойшыл осы төрт құндылык -
әділет, дәулет,
қанағат, ақыл -бір-бірімен
үндескен жағдайда ғана ел бақытқа жетеді деп қорытады.
«Құтты біліктегі» «білік» сөзінің екі мағынасы бар. Оның бірі «білім» болатын
болса, екіншісі - «билік ету», «елді басқару». Соңғы мағынада ойшыл:
«Бек халықты тек білікпен сендірер,
Барлығын да акылына жөңдірер,
Дана келсе елді ұзақ билегің –
Заңды ұстап, бұрсын елге бүйрегің», - дейді. Өзінің дүниеге деген көзқарасында
Ж.Баласағұн рухты бірінші орынға кояды. Адам - акыл-парасаты бар ерекше пенде,
ақыл адаммен қоса жаратылады. Сондықтан дүниеде
адам зерттеп білмейтін
нәрсе жок. Адамның ақыл-парасаты құдіретті:
«Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын,
Білім - жарык, нұрын саған шашатын.
Кісі ұланы қара жерге қол салды,
Көтерді бәрін, білімін ол қолданды».
Өзінің шығармасында Ж.Баласағүн имандылық,
әдептілік, жалпы тәлім-тәрбие
жөнінде де тамаша өсиеттер калдырды. Оның ойынша, адамдардың карым-
қатынасында үш жаман нәрсе бар. Олар: жауыздық істеп, мәмілеге келмей
қасарысып тұрып алу, яғни қазіргі тілмен айтқанда, компромиске, келісімге келмеу;
екіншісі -жалған сөзбен шұғылдану. Тіл, бір жағынан, адамды білікке жеткізсе,
екінші жағынан, адамды өмірден әкетуі мүмкін; үшіншісі
-сараңдық: «Дүние
жинайды, жемейді, артында қалады», - деп қорытады ойшыл. Жалпы алғанда,
ойшыл аскетгік өмір салтын жақтайды. Оны біз мына сөздерден байқауымызға
болады:
«Баянсыз Дүние қылығын ұқтырады: