Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет301/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
343 
себептермен байланысты болуы мүмкін. Өзінін күнбе-күнгі өмірінде жиі кездесетін аң 
болғаннан кейін, малшылар оның мінез-кұлқын терең зерттеп, онын батылдығы мен 
қатар сақтығына, шыдамдылығына, айла-амалына, үйірлік өміріне т.с.с. қасиеттеріне 
карап қайран қалып, соларды өз бойынан табуға тырысқан. Өзінің «қасқыр 
мінезділігінің» арқасында қазақ халқы трагедияларға толы тарихында «мың өліп, мың 
тірілсе» де, көп көшпенділер сияқты жойылып кетпей, міне, бүгінгі таңда өзінін 
дербестігіне қолы жетіп, жаңа өмірге ұмтылу үстінде. Бүгінгі таңдағы біздің қасқыр 
бейнесін ысырып тастап, «ортаазиялық барысқа» еліктеуіміз жоғарыда айтылған 
тұрғыдан карағанда, біздің жаңа өмірге деген ұмтылысымыздың символы болса керек. 
Бірақ барыс басы бірікпейтін, қысқа қашықтыққа секіргенмен, алысқа шаба алмайтын 
аң екенін ұмытпағанымыз да жөн болар. 
Ежелгі түріктер жер не су, тау не орман болсын, табиғаттың әрбір бөлшегінде 
киелі күштер бар деп есептеді. Қазақтардың бүгінгі күнге дейін ағашқа, баска да 
нәрсеге жыртыс байлауы, «киелі, қасиетті жер» деп санауы ислам дінінің ғұрпына 
жатпайды, бұл — сонау көне заманнан бері келе жатқан архаизмдер. 
Ежелгі түріктер үшін кайырымды рухтар - ата-баба рухтары (аруақтар) болды. 
Оларға сиынып, ақ мүйізді, аша тұяқ сиырды, ақсарыбас қошқарды, ақ қойды және 
табынындағы алғашқы төл басын құрбандыққа шалды. Егер адам өлсе, оның аруағына 
арнап, арнайы қырық күн от жағылды, өлікті жерлегенде онымен бірге үй заттарын, 
тағамды бірге жерледі т.с.с. 
Қазақ халқының үғымында аруаққа сену өте жоғары, қысылған кездерінде әр 
уақыт аруақты шақырып, кұрбандык шалып, сәті түскен іс болса аруақтың көмегі деп 
білді. Өлген ата-бабаларын түсінде көрсе, «аруақ колдайды» деп жориды. Аруактың 
басына барып түнейді, оларға арнап мал сойып тілек тілейді. Мысалы, «Шора батыр» 
поэмасында шешесі Шораның әкесіне: «Түйеден -нар, жылқыдан - айғыр, сиырдан - 
бұқа, қодан-қошқар алып, бала тілеуге барайық», - дейді. Қобыланды және Алпамыс 
жырларында Да олардың ата-аналары бала тілеп, «әулие қоймай қыдырып, етегін 
шеңгел сыдырып» жұрген кезде, Баба-түкті Шашты-эзиз олардың тілегін орындайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет