Нуржігіт Алтынбеков
347
«Қорқыт ата кітабы» - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, өмір салтын, әдет-
ғұрпын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық-тарихи мұра. Оның ішінде 12
түрлі дастан бар және оның әрқайсысы - өзінше аяқталған шығарма. Бұл
шығармалардың түп-тамыры, шамасы, сонау көне замандарда пайда болған
мифологияға кетеді, сондықтан олардың құндылығы да, міне, осында. Мысалы,
Дерсе хан жөніндегі аңызда әйелінің кеңесі бойынша, хан қарапайым халыққа
садақа үлестіріп, ата-бабасының аруағына сиынып, тәңірден бала тілеп алады. Ол
бала дәу бұқаны жұдырықпен ұрып-жыққаны үшін, Бұқаш аталып кетеді. Мұндай
желіс қазақ дастандарында көп кездеседі. Батырлар «әулиеге ат атап, қорасанға қой
атап» ата-бабалар қабіріне түнеп, көп тілектерден кейін барып туады. Осылайша
өмірге келген балалар өсе келе, ел-жұртының қорғаны, қамқоршысы болып
шығады (Ертөстік, Алпамыс, Қобыланды т.с.с.).
«Қоркыт ата кітабындағы» Төбекөз (қазақ, қырғызда «Жалғыз дәу» ертегісінде
кездеседі) өзінің іс-әрекеті, ой-мақсаты, қатыгездігі жағынан «Одиссей» жырының
үрейлі кейіпкерін еске түсіртеді.
Кітаптың бесінші тарауындағы «Тоқа баласы Ержүрек Домрул туралы жырда»
ажалмен күресу, өлместік мәселесі талданады.
Жалпы алғанда, «Қорқыт ата кітабындағы» көтерілген әлеуметтік мәселелерге
келер болсақ, олар: халықтың бірлігін сақтау, әлеуметтік әділеттілікті жақтау, жер
мен суды ақылмен пайда-лану, қылмыскерлермен заңды жолмен күресу, әдет-
ғұрыпты сақтау, елді жаулардан корғау т.с.с. Халықтың жадында қалған аңыздар
бойынша, Қорқыт ата өмірінің соңғы кезінде қобызын тартып, неше түрлі әуендер
шығарған. Табиғаттың тылсым күштерін, адам жанының көңіл күйлерін, сезімін ұлы
бабамыз қобыз сарынымен жеткізе білген. Ол өлгенде, оның артында шығарған
күйлері қалады. «Қорқыт күйлері» осы уақытқа дейін ойналады.
Қорқыт атаның артында қалған нақыл сөздері өзінің даналығымен тарихта
сақталып, осы уақытқа дейін бізді таңғалдырады. «Ер жігітке қара таудай мал бітсе,
|