Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет313/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
358 
негізінен алғанда, адамның рухани даму жолын жарқыратып, көрсетіп тұратын 
шамшырақ ретінде қарауға болады. 
Қ.А.Яссауи философиясында қойылған негізгі мәселе - ол адам болмысы, ал 
оның өзінің екі жағы бар. Біріншіден, адам -дене, оның қажеттіктері өтелмей өмір сүру 
мүмкін емес; екіншіден, адам-рух, ол - оның басқа тіршіліктермен салыстырғандағы 
негізгі ерекшелігі, аса баға жетпейтін қасиеті. Бұл арада Қ.А.Яссауи үзілді-кесілді 
адамның терең мәнін оның рухани тұнғиығынан іздейді, Бұл көзқарас XX ғ. өмір сүрген 
неміс ойшылы К.Ясперстің «нағыз адамның өмір сүру ахуалы - рухани ахуал» деген 
сөзімен үндеседі. Өзінің жас кезіндегі пендешіліктің шырмауында болғанын жасырмай 
сынай келіп, ұлы ойшыл былай дейді: 
«Жиырма тоғыз жасқа кірдім, халім харап, 
Ғашық жолында бола алмадым мысал топырақ. 
Халім харап, бауыр кәуәп, көз Бұлдырап, 
Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне». 
Пендешіліктің жолында (байлыққа, билікке, дене ләззаттарына ұмтылу т.с.с) адам 
өз өмірінің мәнін ашып, адамгершілік Қасиеттерін сақтап қалуы мүмкін емес: ол 
жалған жолға тұседі. 
«Нәпсіге сен ерік берсең, не тілемес, 
Еңіресең де Алла саған мойын бұрмас. 
Қолға алсаң, жаман құстай қолға қонбас...», - дейді ойшыл. 
Сондықтан Алла тағалаға жақындау жолы - пендешіліктең арылу, нәпсіні тыю. 
Ойшыл Бұл жолдағы өнегелік мысал ретінде Парсы патшасының ұлы Ибрахим ибн 
Әдхамды келтіреді. Руми Джалаледдин ол арсыз жөнінде былай дейді: 
Бір күні Әдхамның сақшылары сарайдың шатырынан айғай-шу естиді. Сақшылар 
шатырға шығып, сонда жүрген адамдарды ұстап алып, Әдхамның алдына әкеледі. 
«Мұнда не істеп жүрсіңдер?» - деген сүраққа, олар: «Түйелерімізді іздеп жүр едік», - 


Нуржігіт Алтынбеков 
359 
депті. «Қай заманда кім түйені шатырдан іздеген екен?» - деген сүраққа, олар: «Біз 
сенен өнеге аламыз, сен тақта отырып, Алла тағаламең жақындасқың келмей ме? Қай 
заманда кімде-кім осындай орыннан Құдайға жақындаған», - депті. Осыдан кейін 
Әдхам сарайдан қашып шығып, ел кезіп, дәруіштік жолға түскен екен. Міне, 
Қ.А.Яссауи Әдхамды өнеге етіп былай дейді: 
«Әдхам сипат тақ пен бақтан қашып жүргіл, 
Тілек берсең, дүние қызығын тепкім келер». 
Сопылық философияның көрнекті өкілі Баязитті де өнеге тұтып: «Шайық Баязит 
жетпіс рет өзін сатты, 
Бұл дүниенің бар қызығын тастап атты», - дейді. 
Әрине, мұндай пікірлер кейбір оқырмандардың дүниеге деген көзқарасына сай 
келмеуі мүмкін. Бүгінгі жекеменшікті қалыптастырып, оны әрі қарай дамыту жолында 
«баю идеологиясы» көп насихатталғаны баршаға мәлім, - саяси түрғыдан алғанда, ол 
керек те болған шығар, өйткені бұрынғы Кеңес Одағындағы өндірісті бірегей 
(тотальды) мемлекеттендіру адамдардың өндірісті дамытуға деген ынталарын су 
сепкендей басып, өндіргіш күштерді тоқыраулатқан болатын. Негізінен, сол себепті 
ол қоғам да құлдырап, келмеске кетті емес пе? Алайда тек дүние қуу жолында дүрыс 
қоғам орнату мүмкін бе? Әрине, жоқ. Бұл жөнінде Қ.А.Яссауи былай дейді: 
«Дүние менікі дегендер - жаһан малын алғандар, Құзғын құстай арамға 
белшесінен батқандар. Молда, мүфти болғандар - жалған жала жапқандар, Ақты қара 
қылғандар: ол тамұққа түседі. Қазы, имам болғандар - нақақ жала қылғандар, Есектей 
болып жегіліп, жүк астында қалады. Пара алған әкімдер - арамдықпен жүргендер, Өз 
бармағын өзі шайнап, өкінішпен қалады». 
Ол өз заманындағы рухани-адамгершілік ахуалға көнілі толмай, ондағы 
кемшіліктерді қынжыла сынайды: 
«Үлкен-кіші адамдардан әдеп кетті, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет