Нуржігіт Алтынбеков
355
бүгінгі заманда өрлеу ұстіндегі халқымызға ауадай қажет.
Сопылық философия. Қожа-Ахмет Яссауидің шығармашылық ойлары
Орта ғасырлардағы қалыптасқан философиялық ағымдардың
сопылық философия ерекше орын алады. «Сопы» деген сөздін төркіні, шамасы,
«қорһоя» - «дана» деген грек сөзінен шықса керек. Сопылық философия ислам дінінің
шеңберінде пайда болған мистиқалық (құпия) - аскеттік (өз-өзін шектеу) ағым. Оның
дүниеге келу себебін жете тұсіну үшін, біз назарымызды ислам дінінің кейбір
ерекшеліктеріне аударуымыз қажет.
Ислам діні - тарихи ең соңғы дүниеге келген дүниежүзілік дін. Сондықтан бұл
діндегі аса үлкен
басымдық бірлік, бірқұдайлық, ол - абсолютті, оған ешқандай
күмән келтірілмеуі керек. Бұл қағиданы мықты ұстаудың астарында осы уақытқа шейін
бытыраған көшпенді араб
тайпаларының басын біріктіріп, оларды бір халыққа
айналдырып, үлкен мемлекет кұру қажеттігі жатқан еді. Иудаизм мен христиандық дін
аз да болса «көпкұдайлықтың» сарқыттарынан әлде де болса арылған жоқ-ты (мысалы,
Құдайды адамға үқсатып бейнелеу - иқона, бір Құдайдың үштігі: құдай, әке,
ұл және
киелі рух т.с.с.)- Ислам дініндегі «Алла тағаланы» алсақ, Ол адамнан тым алшақ,
қаһарлы, қатал, адамды саналы пенде етіп жаратқанмен, өзіне ұқсас еткен жоқ.
Сондықтан адам адасып кетпес үшін Ол қоғам өміріндегі
болуға тиіс тәртіптің
негіздерін, адамның өмірдегі
жүріс-тұрысының қағидаларын Мұхаммед пайғамбар
арқылы құрандағы
Шариғатта алдын ала берген және
олар Бұлжытпай орындалуы
керек.
Алайда ақиқат әрқашанда нақтылы, өмір өне бойы өзгерісте болғаннан кейін,
ресми мешіттің Бұлжымас қағидалары шынайы өмірде әртүрлі қайшылықтарды
тудырады. Сондықтан жаңа
дінді уағыздаушылар көп ұзамай, екі топқа бөлінеді.
Олардың бірін
«абид» (Құдайдың құлы) десе, екіншісін «захид» (дәруіш) деп атады.