Нуржігіт Алтынбеков 353
Ойшылдың көтерген Бұл ойлары бүгінгі таңдағы Қазақстан халқына өзінің
өзектілігімен көрінеді: бүгінгі жұмыссыз жүрген көп азаматтардың білімі мен
мамандығының төмендігі соның негізгі себептерінің бірі емес пе? Тек қана Дүниеде
жинақталған жаңа технологияларды терең игеріп, оларды шығармашылық деңгейде
пайдалану арқылы ғана біз дүниежүзілік қауымның терезесі тең мүшесіне айналамыз.
Ал ол үшін халықты ағарту, ғылымдағы жетістіктерді оқу-білу қажет. Алайда біз бұл
жолда «технократизм», «сциентизм» шырмауында қалып қойып, өзіміздің мыңдаған
жылдар бойы қалыптасқан дүнисезімімізден айырылып қалмаймыз ба деген ащы ой
еріксізден көкірегімізге ұялайды. А.Жүйнекидің даналығы - ол білімді қажетті түрде
моральдық санамен бірге ұштастырып қарайды. Ол бізге «дәрежең өскен сайын
ұстамдырақ бол, тәқаппарлықтан құтыл, кішіпейілдік ұста. Ұлықсынба, абайла, ол -
бір Құдай!» — деген тамаша өсиеттерді қалдырды. А.Жүйнекидің біршама моральдық
қағидалары Библия, я болмаса Құран сияқты діни кұжаттарда берілген терең
ойлармен үндесіп жатады. Мысалы, «қанды қанмен жусаң тазармайды», өйткені
алғашқы қанның ізі кеткенмсн, жаңа қанның ізі қалады. «Біреу зәбір жасаса,
қарымына рахат көрсет, кешір, зәбірлік жасама», - дейді ұлы ойшыл.
«Бал бар жерде, ара да бар. Ең алдымен араның зәрін байқап көр», - деген
бабамыздың сөзінен, біз Дүниенің қайшылығын байқаймыз. Ойшылдың пікірінше,
«небір асқан өнерде бірер мін болады», сондықтан «бір айыпқа бола бас кесуші
Дүниеде тірі адамсыз қалады». А.Жүйнеки білімді соншалықты зор бағалағанмен, сол
білімді тудыратын, насихаттайтын адамдардың еңбегінің ақысы қайсыбір болмасын
қоғамда төмен болатындығын қынжыла айтады. Оны біз мынау ойдан көреміз: «өнер
арқылы дәулеттің келуі мумкін емес, қиындық атаұлының ең қиыны - осы. Дуние
арамдарды көтеріп, адалды шалады», - деп қынжылады ұлы ойшыл.
Дүниені танып-білудегі сөз құдіретіне ежелгі түріктер өте улкен мән берген. Оны
біз А.Жүйнекидің шығармашылық жолынан да табамыз. Ол әсіресе оның мәнін
адамдардың қарым-қатынасына тигізетін әсерінен байқайды: