Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет311/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
356 
Біріншілері діннің талаптарын ойланбастан Бұлжытпай орындауға тырысса
екіншілері өз ізденістері мен тебіреністері арқылы Алла тағаланы жете тұсінуге, оған 
рухани жетілу арқылы жақындасып, онымен қосылуға, сіңісуге тырысты. Міне, осы 
екінші бағыт ислам дінінің шеңберінде сопылық ағымды тудырады. 
Алғашқы уақыттағы сопылар пендешілікке қарсы шығып, Дүниеқорлық, байлықты 
жинаудан бас тартып (зухд), Алла Тағаламен бірге болуға тырысты (тақуа). Бұл 
ауыр жолда олар Мүхаммед пайғамбардың өмір жолын өнеге етті, өйткені ол қандай 
керемет бай өмір сүру мүмкіншіліктеріне қарамастан, өзін өте әдепті ұстап
қайыршы мен кедейлерге қол ұшын беруге тырысты. Алғашқы сопылардын бірі Хасен 
Басри: «Бұл дүние үшін о дүниені сатқан екі дүниеден біржола айырылады, бірақ о 
дүние үшін Бұл дүниені сатқан екі дүниеге де ие болады», - деген екен. Яссауи 
бабамыздың сыйлаған, өнеге тұтқан сопыларының бірі - осы Хасен Басри. Ол жөнінде 
Яссауи: 
«Нәпсісін тыйып қаһар қылды Хасен Басри... әзіздердің жағында болғым келер...», 
- деген екен. Сонымен сопылық философия адамдарды аскеттік өмірге, дүниенің 
алдамыш қызықтарына құмартпауға, рухты биік дәрежеде ұстауға шақырды. 
Сопылық жолдың екінші үлкен басымдығы - Құдайды шьн жүрекпен сүйіп, оған 
толығынан берілу мәселесі. Ол үшін адам өзінің менмендігін толығынан ұмытын, 
күндіз-түні тек Алла тағалаға деген құштарлық, ғашықтық сезімде болуы қажет. 
Сонда ғана адамның әзіндік сана-сезімі жойылып, Құдайлыққа жол ашылады. 
Мұндай жан-дүние ахуалын сопылар фана (бейболмыс, Құдайға жетіп, сіңісу) деген 
ұғыммен берген. Орта ғасырлардағы Шығыс жұлдыздарының бірі Руми 
Джалаледдин төмендегідей нақыл сездер арқылы бізге оны ашық та айқын 
түсіндіреді: 
«Біреу сүйген жарының (Абсолюттің) есігін қағады. «Бұл кім?» - деген сұраққа: 
«Менмін», - деп жауап береді. Есіктің ар жағынан: «Бұл үйге Менімен Сен 
сыймайсың», - деген дауыс естіледі. Есік жабық қалпында қала береді. Ол тақыр 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет