Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет358/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
419 
болып, өмірді күрт өзгертті! XX ғасырда пайда болған өндіргіш күштердің қуаты бүкіл 
адамзат цивилизациясының бұрынғы 4-5 мың жылдардағы жасағанынан анағұрлым 
асып түседі! Бұл айтылған деректердің бәрі де болашаққа деген оптимистік өмір сезімін 
тудырын, табиғаттың барлық стихиялық күштері ертелі-кеш игеріледі деген 
сциентистік көзқарастарды тудырды. 
Бірақ біз бұл жерде «шыңға қарай өрлеу - құлдырауды тереңдете түседі» деген 
нақыл сөзді естен шығармағанымыз жөн. Атомдық электр станцияларымен бірге 
өмірде атомдық бомбалар пайда болып, Хиросима мен Нагасаки трагедиясына, Семей 
полигоны сияқты радиациямен уланған жерлердің көбеюіне, ол жерде өмір сүріп 
жатқан адамдардың геноцидке құллырауына әкеліп соқты. Чернобыль атом 
станциясындағы жарылыс адамзаттың ғылыми тәкаппарлығын су сепкендей басып: 
«Тоқта, сен Құдай емессің, аяғыңды байқап бас!» - деген сияқты болды. 
XX ғасырдағы қоғамдық өзгерістерге келер болсақ, олар да қайшылықтарға толы. 
Бір жағынан, адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған «жерүйығын» - коммунизмді 
дүниеге енгізуге бағытталған орасан зор батыл да қайғылы әлеуметтік тәжірибе XX ғ. 
70 жылдан артық уақытын алды. Ақырында, ол тарихи тұйықтыққа әкеліп тіреді. 
Дүниенің байлығын қайта бөлу әрекеті екі бұрын-соңды болмаған дүниежүзілік 
соғыстарға әкеліп, миллиондаған қыршын жастардың өмірін алып кетті. Гитлер мен 
Сталиннің жасаған зұлымдықтарымен салыстырсақ, Калигула мен Неронның, Атилла 
мен Шыңғысханның, Иван Грозный мен Наполеонның жасағандары баланың 
ойыншығы сияқгы! Мұндай жағдай философиядағы адам өміріне деген терең 
тебіреністерді тудырып, «өмір философиясын», әсіресе экзистенциализм бағытын 
күшейтіп, оның «діни» және «атеистік» бағыттарын дүниеге әкелді. 
XX ғ. екінші жартысында дамыған капиталистік елдер «постиндустриалдық 
цивилизацияның» шеңберіне кіріп, өздерінің халықтарына жеңіл де бай өмір салтын 
ұсынды. Демократия біршама жетістіктерге жетіп, «адам құқтарының» сақталуына 
көп көңіл бөліне бастады.Бірақ байлықтың өсуі адамзаттың рухани-адамгершілік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет