Нуржігіт Алтынбеков
444
тәжірибесінен шыққан неше түрлі психикалық,
уақытында ұмытылып, я болмаса
ығыстырылған
тебіреністерден
тұратын
болса,
«ұжымдық
бисаналық»
бүкіладамзаттық тәжірибені қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы жиналған адамзат
тәжірибесін, сонымен қатар
адамға дейінгі хайуандық «жасырылған іздерді» байқауға
болады. Олардың көбін халықтардың мифологиясы,
аңыз-хиқаялары, діни
сенімдіктеріндегі бір-біріне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана,
перілер
т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бейнелер адамның
түсіне келеді. Олардың бәрін К.Юнг
«архетиптер» деген ұғыммен береді. Олардың
нақтылы мазмұны
жоқ символиқалық бейнелер, тірі тұлға өзінің өмір шеңберінде
алған тәжірибесін сол символдарға толтырып,
өзінің тұлғалық қасиеттерін
қалыптастырады.
Архетиптер халықтың әдет-ғүрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп
отырады. Сонымен қатар олардың көбі тіпті
тұқым қуу механизмдері
арқылы
созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннің өзінде де өмірде қайталана беріледі.
Егер З.Фрейд пен К.Юнг жеке адамның психикасын, оның адамның жүріс-
тұрысына тигізетін ықпалын зерттеген болса, онда
А.Адлер (1870-1937 жж.), К.Хорни
(1888-1959 жж.), Ә.Фромм (1900-1980 жж.) фрейдизмнің негізгі идеяларына сүйене
отырып, қоғам өмірін зерттеуге тырысты.
Достарыңызбен бөлісу: