Нуржігіт Алтынбеков 449
құдайшылдығын, Құдайдың адамгершілігін көрсетуі қажет. Өйткені Христостың өзі
адам болып туды. Құдай дегеніміз - ол рух. Олай болса, тек қана рухани қарым-
қатынас қана адамдардың терең мәнін көрсетеді.
Ал атеистік бағытқа келсек, оның өкілдері – Ж.П. Сартр мен А. Камю - оны
ештеңеге теңеп, ол экзистенцияның ең терең құпиясы деген пікірге келеді. Сонымен
экзистенция дегеніміз - өзінің шектелгенін, яғни уақытша екенін сезінетін, ештеңеге
бағытталған адам өмірі.
Экзистенциализмнің ерекшеліктерінің бірі — жеке адам мен әлеуметтік болмысты
бір-біріне қарсы қою, осы адамзат болмысының екі жағының бір-бірімен
ымыраласпайтынын көрсету болып табылады. Олай болса, адам емірінің ерекшелігі -
өмір сүру мен мәндіктің, болу мен алудың, таным мен түсінудің арасындағы тебіреніс,
таңдау. Мұның өзі адам болмысының трагиқалық жақтарын көрсетеді.
Өзінің «Болмыс пен уақыт» деп аталатын көлемді еңбегінде М.Хайдеггер адамның
өмір сүруін -«осы арадағы болмыс» деген ұғыммен береді.
Мұндай ұғымды философияға енгізіп, ол адам болмысы - тарихи болмыс екенін, ол
яғни «қазір және осы арада» өмір сүріп жатқаның көрсеткісі келді. Дүниеде адамнан
басқа ешқандай тіршілік өзінің шектелгенін, яғни өлетіндігін білмейді. Олай болса, тек
адамға ғана уақыттылық, ал сонымен бірге өмірде болу мәселесі тән. Бұл түрғыдан
алғандағы философияның негізгі мақсаты - ол дәл қазір өмір сүріп жатқан адамның
ішкі тебіренісін зертгеу, содан шығатын өмір тәжірибесін талдау болып табылады.
Бұл М.Хайдеггердің жасаған жаңа онтологиясы еді. Яғни ол - уақытпен шеңберленгең
адам болмысы, осы арада өмір сүріп, басқалармен бірге коммуникацияға (қатынасқа)
түсу.
Алайда индустриалдық қоғамда адамның болмысы өзінің бишынайылығымен тең.
Конвейерден шыққан бір-біріне ұқсас заттар сияқты, адамдар да орталанып, бір түлға
екіншіні жеңіл ауыстыра алады. Адамдар бірін-бірі ауыстыра алатындықтан, «басқа»,
ол - «нақтылы басқа тұлға» емес, «қайсыбір басқа», «жалпы бір басқа». Мұндай