Хайдеггер (1888-1976 жж.) мен Карл Ясперсті (1883-1969 жж.) (Германия), Жан-
Нуржігіт Алтынбеков
447
Поль Сартр (1905-1980 жж.) мен Альбер Камюді (1913-1960 жж.) (Франция), Н.А.
Бердяев (1874-1948 жж.) пен Л.И.Шестовты (1866-1938 жж.) (Ресей), Виктор
Франклді (1900 ж.) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассетті (1883-1955 жж.) (Испания)
жатқызуға болады.
Сонымен XX ғ. Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен адамгершілік
құндылықтарына деген сенбеушілікті тудырып, трагедияға толы адам мәселесін
тікелей философиялық таразыға салды. Бұл саладағы анықталған ең бірінші
жаңалық – зерденің негізінде ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының
тұрақсыздығы мен нәзіктігінін өсуі. Мұндай күрделенумен қатар қатыгезденіп
жатқан дуниеде тұрақтану үшін, адам ең алдымең өзінің ішкі өмірін талдап, соның
негізінде өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуы кажет. Мұндай адам өміріне қас
дүниеде адам өзінің рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керекті
нәрсе - ол зат, материя, я болмаса идея, таным философиясы емес, негізінен алғанда,
- адам философиясы. Ал адамға келер болсақ, ол, әрине, ешқандай объект, өндірістің,
я болмаса танымның құралы емес, ол субъект — ерікті, өз-өзіне жеткілікті,
жауапкершілікті болмыс.
Жоғарыда айтылған жалпы мінездемені нақтылай келер болсақ, онда
экзистенция (өмір сүру) мен эссенция (мән-мағына) Ұғымдарының осы
философияның негізінде жатқанын байқаймыз. Егер бүкіл жануарлар әлеміндегі
тіршілік өзінің мән-мағынасымен бірге бұл дүниеге келер болса, адам ең алдымен бұл
дүниеге келіп, неше түрлі қиын-қыстау жағдайлардан өтіп барып, көп уақыттан
кейін ғана өз өмірінің мән-мағынасына ие болады. Яғни адамнын өмір сүруі оның
мән-мағыналыққа жетуінен анағұрлым алда жүреді. Мысалы, Африкада, я болмаса
Амазонканың бойында өмір суретін қолтырауын жағаға шығып, жұмыртқалап,
оларды ыстық құмның астына көмеді. Уақыты келген кезде, жұмыртқалардың
қабығы жарылып, ішінен кішкентай қолтырауындар жер бетіне шығып, дереу
шөлге қарай емес, суға карай жүгіреді. Қолтырауын осылайша миллиондаған
жылдар бойы өмір сүріп жатыр. Ол өз мән-мағынасымен бірге өмір сүруге
|