Нуржігіт Алтынбеков 457
рухани жақтары болуы қажет деген пікірге келеді. Егер дүниенің алғышарты ретіндегі
рухани қосындысы болмаса, онда жалғыз материядан тұратын әлемде адам пайда
болмас еді.
П.Т. де Шарденнің ойынша, ғарыштың өмір сүруі мен әрі қарай өрлеуінің
негізінде екі энергияның (күш-қуаттың) тікелей қатысы бар. Олар - тангенциалдық, яғни физиқалық күш-қуат және радиалдық, яғни психикалық, рухтық. Егер
тангенциалдық күш дүниенің элементтерін бір-біріне тартып, оның біртұтастығын
қамтамасыз етіп отырса, радиалдық энергия оларды алға және жоғарыға, күрделенуге әкеледі.
Дүниенің тарихи дамып, күрделенуі, негізінен, үш ғарыштын өткен сатыларына
байланысты. Олар: өмір алды; өмір; ой. Бірінші - «өмір алды» сатысында галактиканың қалыптасуы мен оның химиялық
күрделенуі басталады. Жер бетіндегі жылы неше түрлі минералдар мен түздар еріген
суларда күн сәулесінің энергиясы арқылы неше түрлі күрделі химиялық қосындылар
пайда болып, ақырында, өмірдің алғашқы тұрпайы микро түрлері дүниеге келеді.
Екінші - өмір сатысында жер бетінде тіршіліктің миллиондаған түрлері дүниеге
келіп, биосфера қалыптасады, оның ең әсем күлі - адам дүниеге келеді.
Үшінші — ой сатысында адамның қалыптасуы мен дамуы басталып, бүгінгі күнге
дейін жетеді. П.Т. де Шарденнің ойынша, қазір біріккен адамзаттың қалыптасуы жүріп
жатыр. Адамзатпен бірге жер бетінде жаңа қабат - ноосфера, яғни ақыл-ой қабаты қалыптасып жатыр. Адамзаттың әлеуметтік өрлеуі - материя мен тірі табиғаттың
өрлеуі, күрделенуі, дамуының жалғасы. Дүние біздің көз алдымызда әрі қарай дамып,
жаратылу үстінде, қазіргі уақытта оның негізгі кілті - адамның қолында. Өйткені
адам саналы түрде эволюция процесіне қатысуда. Материяны қайта құрып, өзгерту
жолында адам шығармашылық деңгейіне көтеріліп, өзінің кім екенін дүниеге көрсетеді.
Осы тұрғыдан П.Т. де Шарден кейбір христиан дініндегі моральдық қағидаларды.