Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет393/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
454 
жағынан, мән-мағынаға ие болу дегеніміз — нақтылы, белгілі зат болумен тең, олай 
болса, ол әрқашанда шектелген, өтпелі, ол - жалпы болмыс емес, тек қана нақтылы 
болмыс. Жақ Маритеннің айтуына қарағанда, әрбір болмыс өмір сүру мен 
мәнділіктен түрады. «Мәнділік бұл зат не деген сұраққа жауап берсе, мысалы, тас, 
«өмір сүрудің» қоятын сұрағы тіпті басқаша: Ол бар ма, яғни дәл қазір өмір сүріп 
жатыр ма, әлде жоқ па? Олай болса, Бұл дүние кездейсоқ оның шеңберінде әрбір 
заттың болуы да, болмауы да мүмкін. Нақтылы дүние тәуелді, өз-өзіне жеткіліксіз
тек қана Құдай толыққанды кемеліне келген болмыспен тең», - деп қорытады өзінің 
ойын Ж.Маритен. 
Адам дене мен рухтан тұрады. Ол өзінің материалдық қажеттіктерін мемлекеттің 
шеңберінде әлеуметтік пенде ретінде өтесе, тұлға ретінде ол Құдайға тәуелді. 
Сондықтан бұл философия адамның материалдық мәселелерге (бір жағынан, 
жетіспеушілікке, екінші жағынан, оның көптігіне) көп көңіл бөлгенін жаратпайды. 
Өйткені адам - зат емес, ол тұлға. Олай болса, жердегі тәртіп рухқа тәуелді болуы 
қажет. Адамның жеке өмірі өзінің шеңберінде жабылып қалмай, басқа адамдарға 
ашық болуы керек. 
Христиандық философияның негізгі мәселелерінің бірі сенім мен білімнін 
арақатынасы. Бұл мәселенің діни шешімін алғаш рет Орта ғасырда Ф.Аквинский 
тапқан болатын. XX ғ. діни философия осы шешімді Бұлжытпай орындап, қадағалап 
отыруға тырысады. Ол шешім, білімге қарағанда, сенімнің басымдылығы. Діни сенім 
мен ақыл-ой арқылы дүниетану - бір-біріне қарсы емес, бірін-бірі ығыстырмайды
керісінше, бірін-бірі толықтырады, олар бір өзенге құлтын екі бұлақ сияқты. Сенімнің 
түпкі қайнар көзі -Құдайдың адамға берген аяны, оның ақиқаттығына еш күмән 
келтіруге болмайды. Ақыл-ой арқылы дүниетану - жаратылған пенде -адамға берілген 
үлкен сый. Бірақ қайсыбір адам шектелген, соңы бар пенде болғандықтан, оның білім-
тануы да сол сияқты, ол бәрін біле алмайды. Олай болса, ақыл-оймен табылған білімді 
әрқашан құдіретті түрде берілген сенім ақиқаттарымен салыстырып, бақылап 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет