Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет399/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
460 
әлеуметтік дамудың биік сатысына көтерілу емес, қарманы (туа біткен тағдырды) 
тазартып, келесі түп келгенде бұрынғыдан жоғарырақ, таза рухқа ие болу. 
Осындай көзқарастарды тарататын саяси-діни ұйымдар «Джан-Сингх», «РСС» 
(Индияда), Джамағаат -и- ислами (Пәкістан, Ауғанстанда) т.с.с. Бұлардың бәрі де дінді 
«таза ұстауға», тек қана құранның негізінде өмір сүруге шақырады, «Құран - біздің 
конституция» деген ұран көтереді. Олардың ойынша, мемлекетті Имам (қоғамның діни 
басшысы) шариғаттың негізінде басқаруы керек, ал барлық қайшылықтарды шешетін 
діни сотшы - қади болуы қа-жет. Жер бетіндегі бүкіл халықтардың арманы - теңдік 
пен әділеттілік тек қана саясат пен дін бір-біріне қосылғанда ғана келеді. 
2. «Батысшылар» ағымындағы (вестернизм) күштердің ойынша, ұлттық 
құндылықтар дегеніміз - артта қалушылықтың, надандықтың, ыдыраудың символдары. 
Сондықтан тезірек Батыс құндылықтарын өмірге енгізіп, қабылдау қажет. Сонда ғана, 
Шығыс елдері дәуірдің қойған талаптарына сай келіп, «жалпыадамзат 
цивилизациясына» қосылады. Ал соңғыны олар Батыстың жетістік-терімен теңестіреді. 
Ал дін мәселесіне келер болсақ, олар оны «әр адамның ар-ұжданының ісі, 
таңдауы» деген пікірде. Қазіргі уақытта дін мемлекеттен бөлінуі керек. Білім беру 
саласында жастарға «ағарған тәлім-тәрбие беру қажет». Осының негізінде қазіргі 
ғылым мен техниқаның жетістіктерін игеріп, өмірде кеңінен қолдануға мүмкіндік 
алуымыз керек деген пікірді таратылады. 
3. «Прогрессистер» ағымындағы ойшылдар Шығыс елдері бұрынғыдай өмір сүре 
алмайтынына көздері жетіп, өзгеріс, жаңару, реформаларды қолдайды. Ол үшін 
Батыс қоғамында пайда болған көп жетістіктер кеңінен таратылып, қолданылуы 
қажет. Ол әсіресе экономика саласында керек-ақ. Бірақ, сонымен қатар ұлттық 
рухани құндылықтар жаңа өмірге бейімделіп сақталуы қажет. Олай болса, оларды 
бір-бірімен ұштастыру керек. Сонымен қатар, олардың ойынша, діни құндылықтарды 
жана өмірге сай етіп өзгерту қажет. Құдайға арнап құрбандық шалудан бас тартып, оны 
тек сүйіспеншіліктің негізінде сыйлау қажеттігін көрсеткілері келеді. Қазіргі өмірдің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет